Жетім қыз 5 жылдан кейін іздеп келген туған анасына барудан бас тартты

Oinet.kz 30-04-2022 3723

Шалхаргүл Байсеңгірова Жамбыл облысында қызымен мал бағуға барып, құлдыққа түсіп қалған. Айтуынша, адам төзбес азаптан біз қашып құтылдық, қызым қалып қойды деп жылады. Анасы қызын қайтрып алуға көмек сұрады. 

Screenshot_1.jpg

Бұл туралы “Астарлы ақиқат” бағдарламасында айтылды. 

Ақтау қаласының тұрғыны Шалхаргүл Байсеңгірованың екі баланың анасы. Айтуынша, қызын 8 жыл көрмеді. Жамбыл облысы, Көкшолақ ауылында ұлымен, қызымен бірге мал баққан. Бұл жайлы өзі баяндап берді. 

“Мен қызыммен, баламмен бірге мал бағуға бардым. Бірақ бізге ақша дұрыс төлемеді. Ұлымды ұрып-соқты. Кейін күйеуім келіп мені алып кетті. Балаларым бармаймыз деді. Оларға кейін келіп алып кетемін дегенмін. Бірақ 8 жыл болды. Иесі қызымды күйеуге беріпті. Қазір баласы бар. Бірақ ұрып-соғып екінші баласын түсірген. Күйеуі де дұрыс адам емес көрінеді”, – дейді ол. 

Қызы Әсемнің айтуынша, шешесі өзін тастап кетіп қалған. Тіпті күйеуі өзіне қырындап, қол жүгірткен деп ашынды. 

“Әкем мен туғанда 63-те болған. Анам емес, мені әкем өсірді. Әкем үлен кісі болды. Ауырып жатқанда мен 3-сынып оқыдым. Ол кезде әкеме өзім қарадым. Анам кетіп қалды. Кейін әкем қайтыс болған соң жетісінде жылап келді. Менен кешірім сұрады. Үш жыл іздеуде болды. Мені ата-ана құқығынан айырамыз деген. Кейін мені алып кетті. Мал бағатын жерге әкелді. Күйеуі түнде маған қол жүгірткен еді. Бірақ оны анама айтқанда, “ештеңе болмайды” деді. Мені тастап, тағы күйеуімен кетті. Мені ол кісі емес, керісінше қожалықтағы ата мен апа қарады. Ол кісіні ана дегім келмейді. Өз еркіммен күйеуге тидім. Анама бармаймын”, – деді қызы. 

«Осының бәріне әйелім кінәлі»: Атпалдай азамат екі оттың ортасында қалды
19 жастағы сіңлім 50 жастағы кісіге тиді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу