Салиқалы жарыңыз болғанын қаласаңыз…

Oinet.kz 23-07-2019

Screenshot_2.jpg

«Ғафир» сүресінің 60- аятында  «Менен сұраңдар, жауап беремін, тілектеріңді қабыл етемін», - дегеніндей, әлбетте, жайған алақаныңызды бос қайтармайды. 

 Дұға жасаған кезде, есіңізде сақтарлық қағидалар:

- Дұға жасағанда Аллаға мадақ, мақтау.

Пайғамбарымызға (с.ғс.) салауат айтумен бастаңыз. 

- Шынайы ықыласпен дұға жасаңыз, яғни дұға жүректен шығу керек. 

- Дұғаңыз қабыл болатынына анық сеніңіз, бұл Аллаға деген иманның кемелдігін көрсетеді.

- Біреуге зиян, жамандық тілеуден аулақ болыңыз.

- Күнәларыңыз үшін шын өкініп, кешірім тілеңіз. Жүректен шықсын.

- Ешкімге қарыз болмауға тырысыңыз.

- Астың адал болуына, киген киім мен баратын жерлеріңіз таза, шариғатұа сай болуына мән беріңіз.

Міне, осы бір әдеттер дұғамыздың мейлінше қабыл болуына септігін тигізеді.

Салиқалы жар тілеу дұғасы:

1. Рабба-нәә һәб-ләнәә мин әзуәә-джи-нәә уә зурри – иәәти-нәә қурратә әъюниу уәдж-ғәл-нәә лил-муттә-қии-нәә имәәмәә.

«Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ет әрі бізді тақуалардың алды ете гөр!» ( «Фұрқан» сүресі, 74-аят)

2. Рабби иннии ли мәә әңзәлтә иләй-йә мин хайрин фәқиир.

«Раббым! Ақиқатында мен өзің маған түсірген кез-келген жақсылыққа мұқтажбын». («Қасас» сүресі, 24-аят)

Жұрттың баласы неге сіздің балаңыздан жақсы?
Сені сүйгендіктен ғана...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×