Сені сүйгендіктен ғана...

Screenshot_2.jpg

- Сені сүйгендіктен ғана...

Қолдағы барымды саған бермеймін. Себебі, сені сүйемін. Саған қолда барымды берсем, артынша ренжимін, өкпелеймін, жаныңа етене жақын бола алмай қалам. 

- Сені сүйгендіктен ғана, ең алдымен өзімді ойлауды үйрендім. Себебі, өзімнің жағдайымды түгендеп алмай, саған түк бере алмаспын. 

- Сені сүйгендіктен ғана, өмірімді түнек басса да саған жан-жүрегімді ашамын. Пейілімді бермесем, арамызға қамал қалана бастайды. 

- Сені сүйгендіктен ғана, кейде сенен іргемді бөлек саламын. Жалғыздығымды сезінемін. Бойымдағы ауыр салмақтан құтылып, сені тыңдай беру үшін сенің құшағыңа рухани тазарып келем.

- Сені сүйгендіктен ғана, ештеңені жасырмай, үнемі шындықты айтамын. Дер кезі мен сәтті уағын таңдап жүріп айтамын. Себебі, маған деген ниетің елестен арылғанын қалаймын. 

- Сені сүйгендіктен ғана, ылғи сенімен ұрысып, тәжікелесемін. Көңілдегі дық ортамызға биік қабырға болып қаланбасын деймін.

- Сені сүйгендіктен ғана... Өмірімді бір саған арнадым деп сені айыптамау үшін мен үнемі ізденістемін, өз менімді жетілдіремін. 

- Сені сүйгендіктен ғана, менің бақытымның жауапкершілігін сенің мойныңа іліп қоя алмаймын. Мені бақытты етші демеймін. Сені де бақытты етуге талпынбаймын. Адамның бақыты – өзінің ырқы мен ықтиярында. 

- Сені шын сүйгендіктен ғана, өзімді күштеп сен үшін ештеңе істемеймін. Сен мәжбүр еттің деп ренжімес үшін. 

- Сені сүйгендіктен ғана сені өзіме өзгелерден мың есе артық жақындатамын. Менің әлеміме дендеп кірген сайын жаныма жара салуың оңай. Менің ашуым уақытша, оның бір демдік қана мақсаты бар. Менің ашуым – сені өлтіріп тастауды көздемейді, тек келісімге келейік деген белгі. 

- Сені сүйгендіктен ғана, екеуміз екі бөлек адам болған соң ынтымақпен өмір сүрудің ережелерін ойлап тауып жүрем. Екі бөлек ғаламбыз. Бір ымыраға келіп өмір сүрейік деймін. 

- Сені сүйгендіктен ғана, сенің жаныңда осалмын. Бұл әлсіздігімді сенен жасырмаймын. Себебі, тек осалдығымызды көрсету арқылы бір-бірімізге етене жақын боламыз. 

- Сені сүйгендіктен ғана, сенің «осал тұстарыңа» төзімдімін, оларға ықтияттымын. Дертіңе дерт қосуға тырыспаймын. Жоққа да шығармаймын. 

Аглая Датешидзе

Аударған Шынар Әбілда

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азат Перуашев Божко туралы: «Әркім өз сөзіне жауапты болуы керек»
  • Ақша үшін екі баласын сатып жіберген
  • Бір жыл ішінде 3 мың оқушы отау құрған
  • Кішкентай «қылмыскер» қайдан шығады?
  • Абай Құнанбайұлы. Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика