«Үлкен ұлым менен емес»: Көпбалалы ана күйеуінің ессіз қылықтарын айтып кеңес сұрады

Oinet.kz 18-02-2025 2126

Құқық қорғаушы Ләззат Рақышева өзіне жазған көпбалалы ананың хатын жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_4.jpg

Көпбалалы ананың айтуынша 26 жыл отандасқан күйеуі тұңғыш ұлының өзінен екеніне күмәнданып, ажыраспақшы. 

"Менде мәселе жолдасыммен. 26 жыл болды отандасқаныма. Енді маған ол "үлкен ұл менің ұлым емес" деп, менімен үйде жанжал тудырды. Ұлым ДНК тапсырды. Қолында сараптама қағазы бар. Өзі тапсырмай жүр. Енді ажырасам дейді. Бірақ үйден кетпейді. Бізбен отырып тамак ішпейді. Бөлек жатады, жалғыз отырып ішеді тамақты.

Біз кетейік десек, 5 баланың анасымын. Мектепте оқитын балаларым бар. Квартираға шығып кетейін десем, баламен алмаймыз дейді. Үйде берекеміз кетті, ел қызығатын отбасылардың бірі едік. Бала 100% соның баласы. Ұлымызға "сен балам емессің" деп отыр. Ұлымыз 25 жаста.

Ажырасуға өтініш қалдырайын десем, тағы да қимаймын. Мүмкін ДНК тапсырып, сараптама шығып, ұл өзінен екеніне көзі жетсе, қайта басыла ма деп те ойлаймын. Маған бір ақыл-кеңес керек болып тұр", - деп жазды ол. 

«Ағама бір жыл мал бақтырып, ақшасын төлемеді»: Құқық қорғаушыдан ағасына көмек сұрады
«15 жасқа дейін үлкен дәретімді жіберіп қоятынмын»: Кішкентайында педофилдің құрбаны болған келіншек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу