Жастарға арналған тың жоба бастау алды

Oinet.kz 12-10-2021 834

Screenshot_6.jpg

Шымкент қаласында жастарға арналған тың жоба бастау алды. 

Шараға Шымкент қаласынан 300-ден астам жас қатысып жатыр. Әлеуметтік желілердегі қазақтілді контенттің дамуына серпін беретін тың жобада тренерлер 4 бағыт бойынша тренинг өткізеді. Атап айтқанда, Instagram, Youtube, Facebook және Тik-tok желілерінде сапалы контент жасау бағытында арнайы теориялық және практикалық тапсырмалар ұсынады. 

Шара қатысушылары үшін арнайы фуршет ұйымдастырылған. Онда әрбір қатысушының тренермен бірге тақырыпты талқылап, кеңес алуына мүмкіндіктер қарастырылған. Сұрақ-жауап кезеңінде қала жастары көкейіндегі сұрақтарына тренерден жауап ала алады. 

Ауқымды шараның тренерлері – сапалы да мәнді контент жасап, қалада ғана емес, жалпы республикаға танымал болған блогерлер мен вайнерлер. Қазіргі уақытта Шымкент қаласындағы жоғарғы оқу орындары мен орта арнаулы оқу орындарынан шараға қатысуға ниет білдіріп, тіркелгендер көп. Аталған шараның салтанатты ашылуы өтті. Тренинг соңында әр қатысушыға арнайы сертификат табысталады.

Іс-шараға қатысқандар осы сала бойынша зор тәжірибе алды.

Белоруссия елінің әскери делегациясына туристік нысандар таныстырылды
Жылына 500 мың тонна өнім шығаратын зауыт іске қосылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу