Белоруссия елінің әскери делегациясына туристік нысандар таныстырылды

Oinet.kz 15-10-2021 1120

Screenshot_14.jpg

Әскери туризм - туризмнің табысты салаларының бірі. Өткен ғасырдағы соғысқа қатысты ізденушілер аз емес. Сонымен қатар соғыс тақырыбына қызығатын, соғыстан қалған жәдігерлерді көргісі келетін туристер де жоқ емес. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан Қазақстанда соғыс жылдарынан сыр шертетін көптеген жәдігерлер бар. Әсіресе Шымкент қаласында соғысқа қатысты заттар аз емес. Мысалы Шымкент қорғасын зауыты соғыс кезінде КСРО сарбаздарын оқпен қамтамасыз етуде зор үлес қосқанын айта кетуге болады. 

Осы орайда жақында Шымкентке Белоруссия елінің әскери делегациясы арнайы келді. Оларға Шымкенттің туристік нысандары таныстырылды.

ҚР Ұлттық ұлан әскери құрылымының өкілдері мен Белоруссия елінің әскери делегациясына Шымкенттің тарихи әрі көрікті орындары таныстырылды.Шаһарға келген қонақтарды “VISIT SHYMKENT “ туристік-ақпараттық орталығының гид-экскурсоводы Гүлнара Кенжетаевна ақпаратпен қамтамасыз етті. Әскери делегация бұл сапардан зор әсер алғандарын айтты. 

Әскери сала өкілдері Абай саябағындағы А.Құнанбаевтың ескерткішіне барып, Даңқ мемориалына және тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.

Биыл 205 жұмыс орнымен қамтитын 4 жоба аяқталады
Жастарға арналған тың жоба бастау алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу