Жылына 500 мың тонна өнім шығаратын зауыт іске қосылады

Oinet.kz 19-10-2021 943

Screenshot_1.jpg

Шымкент қаласында халық саны артқан сайын олардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында көптеген нысандар ашылуда. Әсіресе кәсіпкерлік нысандары саны жылдам артуда. Себебі халқы ығы-жығы болып жатқан мегаполисте кәсіпкерлік саласы тез дамитыны белгілі. Шағын және орта кәсіпкерлік нысандары көбіне халыққа сервистік қызметтер, сауда-саттық ұсынса, ірі кәсіпкерлер зауыт-фабрика салып, тұрғындарды сапалы өнімдермен қамтамасыз етеді. 

Шымкентте салынып жатқан зауыттар аз емес. Соның бірі - "Амир-А" (Sin Yuan Steel) ЖШС металлургиялық зауыты. Аталған зауыт - "Оңтүстік" индустриалды аймағында орналасқан. Дәл қазіргі сәтте зауытта құрылыс жұмыстары қызу жүргізілуде. Металлургиялық зауыт іске қосылғанда тек Шымкент емес, бүкіл республиканы металлургиялық өнімдермен қамтамасыз етпек. Сонымен қатар жақын шетелдерге де өнімдер жөнелту негізгі міндеттер қатарында тұр. Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, аталған жоба - "Бизнестің жол картасы - 2020" шеңберінде жүзеге асуда. Мұнда қазір инфрақұрылым жұмыстары да жүргізілуде. Жоспарға сәйкес, зауыт іске қосылғанда 250 адамды жұмыспен қамтиды. Жылына 500 мың тонна өнім шығару көзделуде.

Өз кезегінде зауыт мемлекетке салық төлеп, қазына қаржысының молаюына үлес қосады.

Жастарға арналған тың жоба бастау алды
Жеңгемді әуеге көтеріп әкеткен сәби рухы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу