Биік өкше көптеген ауруларға себеп

Oinet.kz 14-10-2019 1024

Znalezione obrazy dla zapytania каблук

Қыз-келіншектер биік өкше кигенді ұнатады. Биік өкшелі аяқ киімдер жүріс-тұрысты сәнді еткенімен денсаулыққа залалын келтіреді. Дәрігерлердің айтуы бойынша, адамның табаны мен омыртқасы 23 жасқа дейін өсіп, жетіледі. Сондықтан мамандар осы жасқа дейін биік өкше мен біз өкшелі аяқ киімді қолдануда өте абай болуды ұсынады. Өкшесі биік және тар аяқ киімді көп кигенде аяқтың алдыңғы бөлігіне күш түсіп, башпайлардың  қисаюына алып келеді. Биік өкшені жақсы көретіндерде плантарлық фасциит жиі кездеседі, ол – табан сүйегінің үлкеюі. Және үнемі киілетін биік өкшенің әсерінен уақыт өте келе аяқтың ахилл сіңірі өз қалыбынан өзгеріп, жайтабан аяқ киіммен жүру мүмкін емес болып қалады. Бұл жағдай тек ота жасау арқылы ғана емделеді. Сонымен қатар, өкше биіктеген сайын омыртқаға түсетін күш те арта береді. Биік (8см-ден жоғары) өкшелі аяқ киімді ұзақ уақыт киюдің әсерінен омыртқааралық жарық (омыртқа арасында ет өсу, грыжа), бел аурулары, буындардың жылжуы, сіңір созылу сияқты аурулар жиі ұшырайды. Сколиоз (омыртқаның бір бүйірге қисаюы) бар адамдарға биік өкше киюге болмайды, қауіпті. Сондықтан биік өкше кигенде аяғыңыз талып, ауыра бастаса, мұндай аяқ киімдерден бас тартқаныңыз дұрыс. Егер сіз күні бойы биік өкшелі аяқ киіммен жүріп, кешке не ұйықтар алдында аяғыңыздың сіңірі тартылып (сирек әрі жәй ғана болса да), ісіп, ауырсынулар болса, варикоздың (аяқ қан тамырларының кеңеюі) алғашқы белгілері болуы мүмкін. Басты байлық – денсаулығыңызды өз қолыңызбен құртып алмаңыз.

Зеріккенде немен айналысуға болады?
Сәбилерді қыттықтап отыру керек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу