Жүкті әйелдерге арналған кеңестер

Oinet.kz 12-12-2015 785

Жүктілік кезеңнің көтерер жүгі жеңіл емес. Дүниеге салауатты ұрпақ әкелу жүктілік кезеңдегі ананың негізгі күтіміне байланысты. Сол себепті назарларыңызға мұндай жауапты кезеңде жүрген нәзік жандыларға аса көңіл бөлу керек мәселелерді ұсынамыз. 

image.png

• Жүктіліктің алғашқы 2-3 айында дәрігердің рұқсатынсыз ешқандай да ем қабылдамау қажет.  Құстыруға қарсы дәрі, ұйқы немесе тыныштандыратын дәрі-дәрмек іштегі балаға кері әсер етеді. 

• Жүктілік кезеңде ішімдікке салынған немесе темекі шеккен әйелдер баланың қалыпты орта салмағынан әлдеқайда салмағы жеңіл нәрестені дүниеге әкеледі. 

• Болашақ аналардың тексерілу немесе емделу мақсатында Х сәулесіне түскендердің сәбилері көбіне кемтар болып туатыны байқалған. 

• Балаға барлық дәрумендер қажет. Егер нәресте кальций дәруменін қажетсінсе, онда (анасында аталмыш дәрумен болмаған жағдайда) анасының тістері мен сүйектері біртіндеп зақымға ұшырайды. Фосфор сәби миының дамуында үлкен рөл атқарады. Ол үшін анаға балықты көбірек тұтынған жөн. Сонымен қатар балада қан аздығы кездеспеуі үшін анасында көп мөлшерде темір құрамы болуы қажет. 

• Адамның қаны А, Б, О, АБ болып 4 топқа бөлінеді. Сонымен қатар бұл топтар (-) және (+) болып  екіге жіктеледі. Егер анадағы қан (-), әкедегі қан (+) болған жағдайда қан үйлеспеушілігі пайда болып, баладағы қанның өзгеруіне себеп болады. 

• Жүктілік кезінде әйелде кездесетін физикалық тұрғыдан дененің зақымдануы, күйзеліске ұшырау, ішімен құлау немесе қандай да бір жарақат туатын балаға кері әсерін қалдыруы мүмкін. 

• Болашақ ананың көңіл-күйі, соның ішінде күйеуі мен жақындары арасындағы ұсақ-түйек ұрыс-керістер іштегі балаға кері әсерін тигізеді.

Дереккөз: massaget.kz

Дұрыс ұрсыса аласыз ба?
Нәзіктік – осалдық емес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу