Әйелді ашуландыратын сөздер

Oinet.kz 04-02-2020 963

uzn_15804677625.jpg

Отбасы болған соң ыдыс-аяқ сыңғырламай тұрмайды. Егер де ол жанжал тұрмыста сирек емес, тым жиі қайталанып отырса, жанұяның күйреуіне алып келеді. Ерлі-зайыптылар арасында болған ұрыс-керіс кезінде айтылмаған сөз қалмайды. Тіпті, бірін-бірі жұлып жеуге дайын тұрады. Мұндай алапат дауылдан кейін кешіру және бірге болу мүмкін емес секілді көрінеді. Алайда, уақыт бәрін реттеп, олардың махаббаттары бәрін жеңіп кетуі мүмкін. Ендеше әйелді ашуландыруға және көңілін аулауға арналған кеңеске назар салыңыз:

«Сіз шыдамсыз, ақымақ, өзімшілсіз!»

Сізге қаратып айтылған реніш тудыратын сөздерді есту жағымсыздық туындатады. Осы сөздерден кейін жақын адамдарыңызды кешіру тұрмақ, оның сөздері жүрегіңізде мәңгілік қалып қояды. Сөз сүйектен өтеді дегендей-ақ. Жолдасыңыздан естіген жағымсыз сөздерден соң оны кешірмеуге бел байлағаныңызбен, ол көңіліңізді лезде тауып, кешірімге оңай ие бола алады. Оған қалай кешірім беріп қойғаныңызды өзіңіз де аңғармай қаласыз. Қыз жігітінен жұғымсыз сөздерді естісе, онымен оңай айырылысып кете алады. Ал, әйел адамның күйеуіне деген көзқарасы мүлде басқаша болады. Эмпатия пайда болады: айтылған сөздердің себебін анықтап, оның жасаған жаман істеріне тоқсан тоғыз түрлі себеп тауып, отбасыдағы қиын мәселелерді жеңілдікпен шешуге тырысады.

«Сіздің балаңыз - ақымақ, тәрбиесіз!»

Әйел адам баласын жанының бір бөлшегіндей көреді. Баласына қаратып айтылған сөздер ол үшін қорлықпен тең. Егер, оған баласының жаман әдеті туралы анасы, досы немесе баланың мұғалімі айтса ренішпен қарауы мүмкін. Мұндай жағдайда тығырықтан шығуға жолдасының жылы сөздері көмектесе алады. Мысалы, бұл сөздер жалғыз өзіне қаратып айтылмағанын, екеуіне ортақ нәрсе екендігін түсіндіруге тырысады.

«Кешір, мен сені алдадым»

Өтірік пен жалған сөздерді кешіру қиын. Егер де, отбасыңызды сақтап қалуды ойласаңыз кешірім беріңіз. Отбасылық қарым-қатынаста ер адамдар көбіне жақын адамдарына зиянын тигізбес үшін шындықты жасырын ұстайды. Мұндай жағдайда ер адам жарының көңіліне кірбің салғысы келмегендіктен шындықты айтудан бас тартады.

«Менің сөзімді құлағыңа құйып ал»

Әйел адам өзінің сырт келбетіне байланысты айтылған кез-келген сөзге ерекше мән береді. Тіпті, артықшылықтары туралы айтылған сөзге ғана емес, кемшіліктері туралы айтылған сөздерге де ерекше мән береді. Бірақ, күйеуіне тек қана жақсы комплименттерді естуді қалайды. Сондықтан да, мырзалар өз жарыңыздың көңілін көтеру үшін оған үнемі сұлу екенін ай ұмытпаңыз!


Қызметтен босататын 5 кеңес
Әлем мойындаған 5 сурет
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу