Көктемгі әлсіздікке қарсы дәрумендер

Oinet.kz 10-02-2020 1458

Көктем келіп, баршамыз әлсірей бастаймыз. Қазақта бұл кезді «жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін шағы» деп атайды. Табиғат Ана ұйықысынан оянып, барша тіршілік иесі қыбырлап, жұмыс жасап жатады. Осы тұста адам денсаулығы дәрімендерге мұқтаж-ақ. Жалпы әлсіреу теріміздің, шашымыз бен тырнақтарымыздың жағдайына тікелей әсер етеді. Уақытылы тамақтанып, қажетті витаминдерді қолдану арқылы өз сұлулығымыз бен денсаулығымызды жақсартатынымыз анық.Ол үшін қажетті дәрумендер мен минералдардың қабылдауын мұқият бақылауымыз керек. Бірақ, бір негізгі ереже  - дәрумендердің барлық топтары ағзаға енетіндей өнімдерді дұрыс таңдай білу маңызды.

620x413_1_19c640a45fbe777487addd08b0b6d7d0@2121x1414_0xc0a839a2_6221143841479309596.jpeg

Дәрумен А

Бұл дәрумен көз жанары мен сүйектерді қалпына келтіруге пайдалы. Бауыр, сары май, жұмыртқа, ірімшік пен сүзбе, сәбіз бен асқабақ, сүтте және балық өнімдерін тұтыну арқылы А дәруменің бойымызға сіңіре аламыз. 

Дәрумен В

Бұл дәрумен адам бойындағы артық майлардың ыдырауына, зат аламасудың дұрыстығына жәнеде анемияға қарсы, яғни денедегі қанның мөлшерін арттыруға септігі зор. Дәруменді тауық еті, дәнді өсімдіктер, сиыр еті, жержаңғақ және ақсерке балығы мен сояның  құрамынан таба аламыз.

Дәрумен С

Әлсіздікке қарсыласу жүйесін нығайтады әрі гемоглобинды арттырып, темірге бай дәрумен. Цитрус жемістерінде, киви, қара қарақат, көкөністер мен қырыққабаттың құрамында молынан осы дәрумен бар.

Дәрумен Е 

Бұл дәрумен бұлшықеттер мен эндокриндік жүйелердің жұмысын жақсартуға өзінің мықты септігін тигізеді. Дәруменді көкөністер, жұмыртқа, өсімдік майы мен дәндердің құрамынан ала аламыз.

Дәрумен Д

Сүйектердің нығаюна, жасушалардың ылғалдылығын сақтау мен терінің күйінің жақсартуға көмектеседі. Дәрумен теңіз балықтары мен қырыққабатында, сүт өнімдерінің құрамында молынан бар.

Бастысы көктемде уақытылы тамақтанып, жақсы көңіл-күйде жүру өмірімізді жадырататыны анық.

Үйге арналған шаңсорғышты қалай таңдауға болады?
Әрбір әйел оқуы тиіс керек кеңестер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу