Әрбір әйел оқуы тиіс керек кеңестер

Oinet.kz 15-01-2020 1010

Мемлекетіміздің иесі, қазақтың әр-бір шаңырағының иесі, құрсақтағы сәбидің иесі ол ер- азаматтар. Сондықтан бүгіннен бастап ер - азаматтарымыздың абыройын асқақтатуға кірісейік. Біз оларды жаратқан әуелі Алланың, екінші жарық дүниеге  келуіне себепші болған  әкелерімздің алдында бас иуге міндеттіміз, әрі олардың тұрмысын түзеп, өмірдің ащы- тұщысын бірге көру – біздің әйелдік парызымыз.

Картинки по запросу

Ата- анасы уығын қадап,  керегесін кеңейткен шаңырағының босағасын аттаған күннен бастап, азаматымызды сыйлап, жақсы жағына қарай тәрбиелеуге, сағын сындырмауға, өз ата-анамызды қалай жақсы көрсек, ата- енемізді одан екі есе жақсы көруге, сыйласуға, бабын табуға терең түсіністікпен қарай отырып, шаңырақты шайқалтпауға жауаптымыз.

Аттап түскен алтын босаға ол біздің бақилық алдындағы соңғы аялдамамыз. Бақиға дейінгі жүріп өтетін ұзын да қысқа жолдарымызды мағыналы мәнді өткізу біздің қолымызда.

Ер- азаматтарымыздың осылай жадап- жүдеп жүргеніне біз кінәліміз. Біздің қателігіміз. Біздің өзімшілдігіміз, Біздің намыссыздығымыз.

Тереңірек үңіліп қараңыздаршы, онсыз да аз ер- азаматтарымыз, жойылып бара жатқан қар барысы мен қыран құстай «Қазал кітапқа» енудің аз-ақ алдында тұр. Олар біреуіміздің жарымыз, бауырымыз, баламыз.

Неге сонша қатігезбіз?

Иә, Жоғары жақтағылар қателесті. Олар сынды дұрыс қабылдау керек. Кең байтақ жеріміз тарылып ата- кәсіптен айырылып қалдық. Бір азаматтың отбасында береке жоқ, кейбіреуінің әйелі дүниеге тойымсыз, бір әйелдер ішкілікке құмар, бір әйелдер қызғаншақ, кейбіреуінің өміріне қайын жұрты араласады.

Азаматтарымызды құлдықтан, кедейліктен, жалқаулықтан құтқаратын ол – біздің қолдауымыз. Олар біздің қолдауымызға, көңіл бөлуімізге зәру.

Ата кәсібімізге оралғысы келеді- ау.( мал бағу олардың қанында  бар ) Біздің барғымыз келмейді. Біз жеңіл өмірді ойлаймыз, күиеуіміз миллиондап ақша тапса, алтынға малынсам, қымбат киінсем, бет, шашымызды әрлеп, қайда көңілді жер болса, сонда жүрсем деген бір ғана ниет миды шырмап тастаған, басқа ой ойлауға мұршамыз жоқ. Атаулы әлеуметтік көмекті талап етіп жатырсыздар, оны жүз пайыз менде қолдаймын. Азаматтарыңызды қолдап жаз жайлау балапандарыңызды ертіп, төр түліктеріңізді алдына салып беріп, ата- кәсібіне неге оралтпайсыздар. Жайлауда ішімдік , құмар ойыны барма.Сіздер бастама көтерсеңіздер ешқандай ер- азамат бас тартпайды, қуанбаса, бала шағасы алдында, жұбайы қасында, таза ауа.

Мен қорқамын.Төрт түлікті жек көретін әйелдерден. Жиіркенсең, төрт түліктің тезегінен жиіркенетін әйелдерден жиіркен!

Құрметті Ханымдар! Елің кедей болса, сұлулық әлемді құтқармайды. Патриот болайық. Ажырасқан, күйеуін қуып жіберген, күйеу баласын бездірген апаларым, замандастарым, келіндерім, қыздарым аспандамаңыздар,  төмен түсіңіздер, Алладан қорқыңыздар. Өз-өздеріңізді зерттеңіздер, азаматыңыздың жанын түсініп, әлемін зерттеңіздер. Жүректеріңіздің бір бөлмесінен  зерттеу орталығын  ашыңыздар. Не жасасаңыздар да зерттеп, зерделеп барып, қортынды шығарыңыздар.Азаматыңыздың қылығы ұнамаса, екінші әйел алуға рұқсат беріп, ризашылықпен келісімге келісіңіздер. Алимент  талап етпей, өздеріңіз асырауға талаптаныңыздар, балаларды тегінен, әкесінен ажыратпаңыздар, ӨТІНІШ!

Ажырассаңыз да, балалардың бақыты үшін оның әкесімен тату болуға тырысыңыздар.

Өмірге текті ұрпақ әкелемін десеңіз жұбайлық өмірдің, жыныстық қатынасына аса абай болыңыз. Азаматыңыздың еркектік белсенділігін еш уақытта келеке қылмаңыз, жолдастарының ортасында талқыға салмаңыз, керісінше зерттеңіз, күресіңіз, емдеңіз. Ол байқұстар ата- анасынан алыстап кетті, жақын болған күннің өзінде ол жерге сіз ғана жақын келесіз. Ақшасын қағып, алтынға малынғанша, психологқа көрсетіңіз, емдетіңіз.Жар болуға келісіміңізді бердіңіз бе? Жаманнан жақсы жасаңыз? Жабыдын тұлпар шығарыңыз, рахатын өзіңіз көресіз.балаларыңыз жәутеңдемей толық отбасының жылуын сезіп өседі. Бала алдындағы жауапсыздықты Алла кешірмейді. Бала біздің болашағымыз!

Әйел ақылды болса алынбайтын асу, бұзылмайтын қамал, шыға алмайтын биік болмайды. Қазақ елі ақылды аналардан кенде емес, өзінен шыққан 5, 6 баланың өмірбаянына дақ түсірмей, балаларын жетім қылмай , «жаман» күйеуді тәрбиелеп, тентегін тиып қатарға қосып отырған. Солардан үлгі алуымыз керек. Жүз жерден өркениет  дәуірі болсада, жүрегіміз ұлт дегенде езіліп тұру керек.

Жазба авторы: Балқия Наурызханқызы


Көктемгі әлсіздікке қарсы дәрумендер
Таңғы асқа не ішкен дұрыс?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу