Таңғы асқа не ішкен дұрыс?

Oinet.kz 15-01-2020 1143

Көпшілігіміз таңертең жұмыртқа қуырып, шұжық жеп, бутерброд жасап әуреге түсіп жатамыз. Аталған тағамдар асқазаныңызға ауырлық түсіреді. Сол себептен таңертең ботқамен қатар қызанақ, алма секілді жеңіл көкөнсітерді жеген әлдеқайда пайдалырақ. Жеміс-жидектердің құр өзіне тәбетіңіз тартпаса оларды турап қызған пешке немесе қысқатолқынды пешке аздап қыздырып алуға болады. Мәселен, пешке қыздырылған қызанақты ірімшікпен қосып жесеңіз өте дәмді болады. Ал алма мен алмұрт жаңғақпен көбірек үйлесім табады. Сондай-ақ циртрустан өзге жеміс-жидектерді йогурттың бетіне турап жесеңіз тойымдырақ болары анық. 

Zavtrak-na-8-marta-620x360.jpg

Тағам жеңіл, калориясы аз, есесіне дәрумендері құрамында өте көп. Осылай тамақтану арқылы сіздің диетаңыз да орнында, шашыңыз да, тырнағыңыз да әдемі болары анық. Таңғы астың ең құнарлы тамағы – сұлы жармасы. Оның құрамында пайдалы өнімдер өте көп. Ішекті жиналған неше түрлі токсин мен шлактан тазалайды. 

Әрбір әйел оқуы тиіс керек кеңестер
Не үшін таңғы асты міндетті түрде ішу керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу