Жұмыртқаға аллергиясы болса екпе салуға болмайды

Oinet.kz 20-05-2020 937

Тұмау сөзі «gripper» француз тілінен аударғанда ұстау деген мағынаны береді. Тұмау – жіті-респираторлы вирусты инфекция. Тұмау ауруының қоздырғышы үш типке бөлінеді: А, В, С. Тұмау вирусы адамдардың арасында өмір сүргендіктен тез өзгеріске ұшрайды. Қазіргі кезде автокөліктердің көбеюі, экологиялық жағдайдың өзгеруі вирустардың көбеюіне себеп болып тұр. Тұмаудың А типті вирусында эпидемиялар әр 10-40 жылда қайталанып тұрады. В типті вирусында тұмаудың қарқынды көтерілуі әр 4-7 жыл сайын, С типті вирус жыл бойы кездесе береді.

1568125828_otkaz.jpg

Қазіргі кезде тұмауға қарсы вакцинаның сан алуан түрлері бар. Бүгінде вакцинаның жаңа буынды түрлері шығарылып жатыр. Олар бүтін клеткалы, сплит-вакцина және суббірлік. Шымкент қаласын мен Түркістан облысы аумағында «Гриппол+» суббірлік-адьювантты белсенділігі жойылған IV үлгідегі тұмауға қарсы вакцина қолданылады. Егу жұмыстары жоспарлы кесте бойынша қазан айында басталады. Вакцина бір реттік шприцпен бұлшық етке немесе терінің астына салынады. Тұмауға қарсы вакцинадан кейін болатын кері әсер көрсеткіші аз кездеседі. Екпеден кейін кері әсерлерінің аздығын ескере отырып, тұмауға қарсы вакцинаны басқа екпелермен бірге жүргізуге болады.

Жыл сайын күз, қыс айларында балалар мен ересектер тұмауға қарсы екпе алып жатады. Бірақ ол екпенің адам өміріне қажеттілігін немесе қажетсіздігін түсіне бермейміз. Міне, сол тұрғыдан адамдар бұл екпе ұлттық екпелер күнтізбесіне кірмейді. Сондықтан кез келген ата-ана баласы үшін шешім қабылдай алады. «Кімдер екпе алуы керек?» дейтін сұраққа келетін болсақ, олар – 6 ай мен 1 жас аралығындағы балалар, 20-30 апта аралығындағы жүкті әйелдер және медицина қызметкерлері. Биыл мемлекетімізден тұмауға қарсы вакцина аз бөлінгендіктен жұмысшылар, студенттер, тағы да басқа қала тұрғындары өз қалталарынан немесе жұмыс берушінің есебінен егілуі қажет етіліп отыр.

Тұмауға қарсы екпені тауық жұмыртқасынан аллергиясы бар адамдарға тағайындауға болмайды. Ал, екпе салынған жағдайда аурудың өршіп кету қауіпі болады. Тұмауға қарсы вакцинаны бұрын алып, қандайда бір кері әсері болған болса, онда алмағаны жөн. Екпе жұмыстарын тұрғылықты жері бойынша емхана жүргізеді.

Қызылша ауруы жайлы не білеміз?
Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу