Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі

Oinet.kz 20-05-2020 2001

Тиімді дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарлауына және ағзаның қоршаған ортаның іртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді. Адам дұрыс тамақтанған кезде ғана ағзасына қажетті тағамдық заттарды толық пайдаланады. Адам пайдаланатын тағам әр түрлі әрі куаты мол нәрлі болуы қажет. Тағамның құрамында өсімдіктекті де, жануартекті де азық-түлік өнімдері болуы шарт. Ас қорыту сөлдерінің дұрыс бөлінуіне жеміс-жидектер, көкөністер, жеміс шырындары, сұйықтағамдар әсер етеді. Дұрыс тамақтану ережелеріне тоқталсақ:

news2329(1).jpg

1. Тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. Тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне 5 рет қабылдаған жөн. Таңертеңгі асты мұқият ішу қажет. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда ағзадағы қант азайып кетеді;

2. Рационда белоктың, майдың және көмірсутегінің болуы;

3. 1 күн ішінде тұтынатын майды, белокты және көмірсутегін өз организміңіздің қалауына қарай ыңғайластыра қолдану;

4. Таза су (күніне 2 литрден жоғары мөлшерде су ішу керек);

5. Таза тамақ (жартылай фабрикаттардан, тез дайындалатын тағамдардан және тәттіден бас тарту);

6. Калория нормасын сақтау.

    Дұрыс тамақтану жүрек-қантамыр, асқазан-ішек жолдары, қант диабеті, остеопороз, онкологиялық арулардың алдын алу үшін, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру үшін, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін, белсенді ұзақ өмір сүру үшін қажет. Салауатты тамақтану және жоғары дене белсенділігі, спортпен шұғылдану, күйзеліспен күресе білу, темекіден бас тарту жолымен салауатты өмір салтын ұстану арқылы аурулардың алдын алып, денсаулықты және тартымды келбетті сақтап, сұлу да сымбатты, тәні мен жаны жас белсенді болып жүре аласыз.

Жұмыртқаға аллергиясы болса екпе салуға болмайды
Сүйел және алдын алу шаралары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу