Қызылша ауруы жайлы не білеміз?

Oinet.kz 20-05-2020 1205

Қызылша – ауа – тамшы механизмі арқылы берілетін, клиникасы циклді ағымымен, қызбамен, интоксикация, катаральді белгілермен, макулопапулезді бөртпемен және ерекше энантемамен сипатталатын жедел жұқпалы ауру. Қызылша – жаппай таралған ауру. Бұрын ауырмаған және қызылшаға қарсы егілмегендер ауруға өте қабілетті, сондықтан олар кез келген жаста ауыруы мүмкін. Қызылшаға қарсы егу жүргізгенге дейін, 95% балалар 16 жасына дейін ауырған. Ал вакцинация жұмыстары кең жүргізілгеннен кейін ауру едәуір төмендеген. Бірақ қызылша ауруы сақталған және соңғы жылдары оның өсуі байқалады.

38_main.jpg

Қоздырғышы – парамиксовирус. Ауру көзі – науқас адам. Ол жасырын кезеңнің соңғы 2 күнінде, бөртпе шыққаннан кейінгі 4 күнге дейін сыртқы ортаға қызылша вирусын бөледі. Бөртпенің 5 күнінен бастап аурудың жұғу қаупі жойылады. 

Клиникасы – инкубациялық кезең 9-11 күн, иммуноглобулинмен алдын алу шараларын жүргізу барысында оның 15-21 күнге созылуы мүмкін. Клиникасы циклді түрде өтеді. Кезеңдері – катаральды, бөртпе шығу кезеңі, пигментация кезеңі. Катаральді кезең-дене қызуының 38-39 дейін көтерілуі, шаршағыштық, тәбеттің төмендеуі, құрғақ жөтел, коньюктивит, склерит, жарықтан қорқу белгілері пайда болады. Сонымен қатар ауыз қуысында ұсақ қызыл дақты энантемалар (Бельский-Филатов-Коплик дақтары) пайда болады. Оның сыртқы түрі ұнтақ жармасына ұқсайды. Бөртпе пайда болысымен олар жойылады. Бөрту кезеңінде денеде макулопапулезді бөртпелер сатылы түрде пайда болады: 1-ші күні  – бетте, мойнында, 2-ші күні – кеудеде, қолда, жамбаста, 3-ші күні – аяқ пен табанда. Бөртпе қай жерден басталса, сол жерден бастап қайтады. Пигментация кезеңінде бөртпелер ағарып, орнында пигментация пайда болады. 

Аурудың алдын алудың ең тиімдісі – вакцинация. Қызылшаға қарсы вакцинация 1 жас пен 6 жаста жоспарлы түрде жасалады. Егуі жоқ, толық вакцинация алмаған 30 жасқа дейінгі қызылша ауруымен қатынаста болғандарға алғашқы 72 сағат ішінде эпидемиологиялық көрсетулер бойынша қызылшаға қарсы егу жасалады.

Қыста қолға қандай күтім қажет?
Жұмыртқаға аллергиясы болса екпе салуға болмайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу