Қыста қолға қандай күтім қажет?

Oinet.kz 20-05-2020

Бет және мойын терісіне күтім жасағандай қолға да жағдай жасалуы керек. Әсіресе, қыс уақытында қол жағдайын жасауға тырысыңыз. Қолыңыздың сырт көзге сұлу көрінуі үшін мына төмендегі ережелерді сақтаңыз:

-yZliLUnR04.jpg

1. Көшеде қолғап киіп жүріңіз;

2. Қолыңызды жуып болғаннан кейін, мұқият сүртіңіз;

3. Үнемі нәрлендіретін кремді пайдаланыңыз.

Осы жоспардан ауытқымаңыз. Қолды аяздан қорғау саясатын жақсы ұстанғаныңыз жөн. Қол терісінде май бездері мен ылғал айтарлықтай аз болады, сондықтан да оның реакциясын сыртқы агрессивті күштерден қорғауыңыз қажет. Мысалы, бет терісі жұмсақ болғандықтан ол өзіне төнетін қауіпке қарсы тұра алады. Сондықтан да біз тері күтімі үшін де пайдасы тиетін үш негізгі ережені ұсынып отырмыз. Олар:

1. Қолды күту кешеніне міндетті түрде пилингті енгізіңіз;

2. Қолыңызды ылғалдандырып, күтім жасайтын сабын қолданыңыз;

3. А, Е және С дәрумендеріне бай тағамдарды қосыңыз. Олар сіздің тек қана қолыңызға ғана емес, бүкіл ағзаңыздың жақсаруына көмектеседі.

Қолыңыздың жақсы күйде болуы үшін тағы не істеуге болады? Қол терісінің қабыршақтануына қарсы тұрыңыз, нәрлі кремдерді қолданыңыз. Теріге серпімділік беріп, демалыс жасап тұрыңыз. Бұл сіздің қолдарыңыздың күтімі үшін керемет демалыс. Жалғыз қолыңыз ғана емес, бүкіл теріңіздің күтімін жасап, ағзаңыздағы қан айналым және зат алмасуды жақсарту жолдарын қарастырыңыз.

Қыста терімізді қалай қорғаймыз?
Қызылша ауруы жайлы не білеміз?

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×