Шаш күтімі: 10 ереже

Oinet.kz 10-07-2019 1230

uhod-za-volosami_1-1.jpg

Шаштың дені сау, қалың және әсем қалпын сақтау үшін міндетті делінетін 10 ережені естен шығармау қажет.

  • Сусабын таңдауда өз шашыңыздың типін есепке алғаныңыз абзал. Өнімнің маркасына, құрамына, тіпті сақталу мерзіміне дейін жіті мән беріңіз.

  • Егер шашыңызды үнемі бояп жүретін қыздардың қатарынан болсаңыз арнайы боялған шаштарға арналған сусабынды пайдаланыңыз.

  • Шашыңызды сусабынмен жуып болғаннан соң, міндетті түрде бальзам қолданыңыз.

  • Шашты құнарландыратын аптекалық май, маска, бальзам сияқты шаш күтіміне арналған сұйықтықтарды шаштың тамырына жақындатпаңыз.

  • Шашыңызды жуатын су температурасын қадағалаңыз. Қатты ыстық температурадағы су шашыңыздың түсуіне алып келеді, ал салқын су шашыңызды құрғатып жібереді.

  • Шашыңызды белгілі кестемен жуыңыз, кірлілігіне, майлылығына қарай.

  • Сулы шашты орамалға орауға не тарауға болмайды. Себебі, олай жасау шашыңызды сынғыш етеді.

  • Балалар сусабынын қолданбаңыз. Себебі, сіздің шашыңыз балалардың шашына қарағанда күрделі.

  • Мерзімді түрде шашыңызға массаж жасап тұрыңыз. Бұл процесс бастың қанайналым жүйесін жақсартады.

  • Табиғи, ешқандай химикаттарсыз жасалған сусабындарды таңдаңыз. Және салауатты өмір салтын ұстаныңыз.

Қалай жақсы адам боламын?
Жол-көлік апатына түссеңіз не істеу керек? Маман кеңесі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу