Неге сен оның арманындағы қыз емессің?

Oinet.kz 15-08-2019 1860

ed90d4d404db700412ec416a4f83aefa.jpg

Өзбағалынымыңның төмен болуы

Өз-өзіне деген сенімділігі жоқ қыздар 100 шақырымнан-ақ көрініп тұрады. Әлсіз, өзіндік пікірі жоқ қыздар қалталы, сымбатты жігіттерге тек фильмдерде кезігіп жатады. Ешқандай жігіт өзін сенімсіз қыздың жанында комфортта сезінбейді.

Бақылаушы қыз

Үнемі қайда, неге, қалай, не істеп жүргенін сұрап мезі ететін, өзіндік өмірі жоқ қыздар, өзіндік хоббиы жоқ, бос уақыты өте көп қыздар да жігіттерді аз қызықтырады екен. Себебі жігіттерге қол жеткізген, бір нәтиже жасаған ұнайды. Сіз жігітіңіздің жігіт болуына мұрша беріңіз. Өзіңізді тежеуге тырысыңыз. Әрине сіздегі қызғаныш, іздеу, ойлау, барлығы да сезімнен туындап жатыр. Дегенмен де, оның да қадам жасауына мұрша беріңіз. Қарым-қатынаста тепе-теңдікті ұстау маңызды.

Өзін-өзі құнсыздандыру

Қыз әрдайым ерекше құрметке лайықты. Жігіт саған сыйлық жасағысы келді, сені қуанту үшін, жақсы көретінін білдіртіп, ал сен қабыл алғың келмейді. Неге? Себебі, сен ұялдың, саған басқа адамнан сыйлық алу ыңғайсыз, саған тән қылық емес. Жоқ. Бұл ситуацияда сыйлыққа әбден лайық екеніңді ойлауың қажет. Жігіт қалады, сыйлады.

Рақметсіздік

Жігіттің көңіл бөлуі сыйлықтармен, қоңыраулар, хаттармен білінсе, қызда мұқияттылық. Жігіттің кез келген әрекетіне, саған бөлген уақытына, сыйлығына, жасаған комплиметіне жай рақмет айтқаннан-ақ, жігіт соғыстан жеңіспен оралғандай сезімде болады-мыс. Сонда, рақмет те екеуіңнің махаббаттарыңды нығайтатын болып тұр (ғой).

Мен, өзім

Бәрін өзі жасайтын қыздардың тартымдылығы төменірек. Қыз «қызға тән қалпын» жоғалтпағаны дұрыс. Қазірде ер мінезді қыздар трендте секілді. «Мен, өзім, үй аламын, көлік аламын» деп саналарын осы ойлармен бүркеп алған, әрине алыңыз, дегенмен сол үйдің отын түтететін де, көліктің рөлінде отыратын да жолдасың болып қалады емес пе? Әйел, қыз қаншалықты ер мінезді боламын десе де, табиғаттың заңдылығынан қашып құтыла алмайды.

Бостық

Армандағы қыз армандауға тұрарлық болуы қажет. Оның әдемі кескін келбетін басқа да қабілеттері толықтырып тұрса... Жан-жақты қыздар, үнемі күлімдеп жүретін, жанындағылармен тез араласып кететін, өзіне тән қасиеттері мен қылықты қыздар ерек көзге түседі.

Қарым-қатынастағы олқылықтар
Жақсы әдеттер қалыптасырыңыз!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу