Мінсіз қарым-қатынастың қарапайым рецепті

Oinet.kz 21-08-2019 1258

Картинки по запросу отношения

"Үйлену оңай, үй болу қиын" дегендей, қарым-қатынасты бастаған оңай болғанымен де, оны әрмен қарай жалғау қиынырақ. Адал махаббат, пәк сезім қашан да болмасын күресуге тұрарлық ішкі сезімдер. Ауыртпалықтарды бірге арқалап, сіздерді ортақтастырған жәйттерді бағалағандарыңыз жөн. Бақыттың әмбебап рецепті расында бар ма екен? Махаббат пен құштарлық пен іңкәрлікті сақтап, сезім сергелдеңінің шырмалаған тұстарынан ажырап қалай шығуға болады?

Таптаурындарды құлатыңыз.

Жарасқан жұптар уақыт өте келе бірін-бірінің қалыпты мінез-құлқына үйренісіп, белгілі бір шеңбер төңірегінде өмір сүре бастайды. Алайда бұл тип таптаурындардан арылу кейде махаббаттың одан әрмен гүлденуіне жол ашады.

Мәселен, жұбыңыз бір нәрсені істеуді ұмытып кетсе, қалыпты жағдайда ұрыса жөнелсеңіз, қазір мысқылдап жеткізуіңізге болады. Яғни бір орында, бір қалыпты өмір сүрудің қажеті жоқ.

Сезініңіз.

Әрине, сүйіктіңізбен қол ұстасу, құшақтасу қалыпты жағдай болар, бірақ сезну тым бөлек. Қарапайым қимылмен шынайы оның шынтағын, бетін, шашын ұстаңыз. Теледидар қарап отырғанда қолынан жәймен ұстаңыз. Мысық жаныңызға келіп пұрылдағанда қандай сезім болады, сіздің бойыңызды жылулық, нәзіктік билейді емес пе? Сол секілді сүйіктіңізге де жылулық сезімін сезіндіртіңіз.

Дос болмаңыздар.

Достық бөлек, жұптық бөлек. «Сүйіктіңіздің тек сүйіктісі болу аз, досы да бола білу қажет» деген теория жаңсақ. Іс жүзінде мұндай байланыс сіздегі сүйіспеншілік сезімдерін бүркемелейді. Егер де махаббат сол бір ұшқын, бір-біріне деген тартылыс күшінен айырылар болса, сіздірдің сүйіспеншілік қатынастарыңыз, жолдастық қарым-қатынастарға өтіп кету қауіпі пайда болады.

Компромисстерге барыңыз.

Шешім қабылдау барысында, сүйіктіңіздің де пікіріне құлақ асыңыз. Келіспей қалған жерлеріңізде бірінші болып беріле берген әрине қате пікір. Десе де сіздің жоғалтып алғыңыз келмейтін сезім үшін кейде нартәуекелдерге баруға тура келеді. Егер тіпті сіздердің пікірлеріңіз қарама-қайшы болып, мүлде келісе алмай тұрсаңыз да, жылы-жылы сөйлесең, жылан да үнінен шығады принципін ұстанып көріңіз.

Көбірек позитив, азырақ негатив.

Сіз сүйетін, сізді сүйетін адамға үнемі көңіл толмаушылық білдірсеңіз, сіздің түгіңіз кетпесе де, сүйіктіңіздің көңіліне қаяу түсірері анық. Кез келген негативті пікірді мейірімді етіп жеткізуге болады. Мәселен «Сүйіктім сенің ыдыс жуып маған көмектесетінің мені қатты қуантады, Алайда сен оны тек кейде жасайтыныңа ренжимін» деген сияқты нәзік фразалармен шектеліңіз.

Жаңғырық

Көбінде сіз сіздердің ара қатынастарыңыз жөнінде маңызды әңгіме қозғағалы жатқанда, сіз оның не деп жауап қататынын абыржып, оны тыңдамай қалатын кездеріңіз болады. Дегенмен бұл жерде ең бастысы сүйіктіңіздің сізе берер жауабы емес пе? Сондықтан бір-біріңізге құлақ асыңыз.

Шыдамдылық.

Тура бидей туған жоқ. Барлығымызға да ашуланшақтық, шыдамсыздық сезімдері тән екені мәлім. Біріңіздің біріңіз кем-кетіктеріңізді бетіне басып, жүйкелерңізді жұқартқаннан кішкене шыдамды болып, сабырмен қарап көріңіз, ешкім мінсіз емес. Сондықтан түсіністік танытыңыз.

Қолдау көрсетіңіз, таң қалдырыңыз, кездесулер ұйымдастырыңыздар, тырысу қажет. Оңай жерде тәтті күлше жоқ. Мапхаббат та сізден күш-жігерді қажет ететі биік белес.

Қалай тез оянуға болады?
Тіс пастасын қалай дұрыс таңдайды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу