Қалай әдемі сөйлеуге болады?

Oinet.kz 22-08-2019 2246

Адамдар екі топқа жіктеледі: әдемі сөйлейтіндер және әдемі тыңдайтындар болып.

Әдемі тыңду барлығының қолынан келеді. Бірақ әдемі сөйлейтіндер аз. Пікірді тыңдарманға жағымды етуге қалай жаттығуға болады?

7973-2.jpg

Маркетолог болып көріңіз

Маман ретінде жұмыс істеу деп түсінбей қалмаңыз. Жай үйіңізде кез келген затты алып оның артықшылықтарын жеткізуге тырысыңыз. Бастапқыда күлкілі көрінуі мүмкін. Бірақ сіз оның бар қасиетін білгендіктен сеніммен сөйлейсіз. Яғни сізде өзіне деген сенім жоғарылайды. Әрі позитив жоғарылайды. Барлық затқа оптимистің көзімен қарауға бейімдесіз. Ол сізді эмоцианалды лидер болуға жетелейді. Әрі әдеби тілдік қорыңыз артады.

Қайшылықты ой туындататын сөздерге қош айту

Фу, Яғни, және, бірақ, сона да секілді парадокс сөздерді қолданбаңыз. Ол тыңдарман үші жағымсыз эффект береді. Әрі жақтыртпау реакциясын туындатады.

4368436r83fvdbvf.jpg

Аз сөз-алтын

Аз сөз қолданып, кең мағына беруге тырысыңыз. Сонда сіздің сапалы тыңдармандарыңыз пайда болады. Салыстырулар, сөз тіркестері тартымды қолданыс. Аздап әзілге жақын болыңыз. Тыңдармандарыңызға орынды комплимент айтуға бейімделіңіз. Көп бөсетін адамнан-бәрі қашады.

Еліктеңіз!

Кім әдемі сөйлейді, соны тыңдаңыз. Ұнаған сөздерін өз қолданысыңызға енгізіңіз. Сөздік қорыңыз тұрақты болмасын. Барлығы сіздің не сөйлеріңізді болжай алмайтындай болуы тиіс. Мағынасы қайталанатын сөздерді синонимдермен айтсаңыз ел жаңа тыңдағандай реакция береді. Ақпарат құралдарын жиі оқыңыз. Тек біреуін белгілемей, бірнешеуін оқыңз. Әрқайсы әркелкі жазады. Фейк пен фактіге сауатыңыз артады. Сауатты оратор әрқашан сұраныста.

Сөздік қоры кең адам-шешен. Бір сөзді қолданып көп сөйлейтін адам-бәдік. Қолжетімді түрде шешенге айналыңыз!

Суреттер ашық дереккөзден алынды

Дана әйелге тән 7 қасиет
Егер мүлде өтірік айтылмаса не болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу