Дана әйелге тән 7 қасиет

Oinet.kz 22-08-2019 2004

Картинки по запросу мудрая женщина

Ол сабырлы және ұстамды.

Өз эмоцияларын бақылай білу, басқара білу – дана әйелдің негізгі қасиеті. Ол ішкі әлемін үнемі тыныштықта, сабырлылықта ұстайды. Киімдері біркелкі жиналған сөредей. Өткенге ашу, ыза, адамға кек сақтамайды. Оның тыныштығының сыры бойындағы негативті пікірлер мен естеліктерден тез арылуында. Ол барлық жәйтке байыптылықпен қарап, дұрыс шешімді ұзақ сараптамадан кейін шығарады. Ешқашан байбаламға салмайды. 

Басқаларды кемшіліктерімен қабылдайды.

Өте дана әйел өзгелерді өзгертуге тырыспайды, олардың өз кеңістіктерін құметтейді, ешкімнің жеке гаджетіне қол сұқпайды. Сіз шынымен де даналыққа ие болғыңыз келсе, адамды өз болмысымен қабылдап үйреніңіз. Өзгені емес, өзіңізді өзгертіңіз. Өзіңіздің қабылдауыңызды ретке келтіріңіз. Және басқа адам сіздің көңіліңізден шығуға міндетті емес екендігі түсініңіз. Өзіңізді балаларының кез келген тентектігін түсініп, қабылдап, сонда да жақсы көретін анадай ұстасаңыз ғана нағыз дана әйел кейіпіне енесіз.

Ол өзін басқалардан жоғары ұстамайды, құрметтейді.

Ақылды әйел қайда қалай көріну керек екендігін біледі. Ол ешқашан басқа бірін төмендету арқылы, биік болып көруді мақсат тұтпайды. Ол тек өзін құметтеп, өзбағамын көтеруге ұмтылады. Жақсы киініп, күтініп жүреді. Басқалардың өзін бағалауына зәру емес, сын көтереді.

Сәтсіздіктерді мүмкіндікке айналдырады.

Жұмыста болсын, тұрмыста болсын дана әйел сәтсіздіктерден сабақ алып, сәтсіздіктерін мүмкіндіктерге айналдыра біледі. Мәселен кейбір әйелдер сәтсіз бір жағдайдан соң, жаңа бастаған жұмысынан бас тартып жатады, ал ақылды әйел шалыс басылған қадамнан сабақ алып, оны өңдеп, жұмысының одан да ілгері басуына ықпал көрсетеді.

Рухани дамыған және танымға ұмтылады.

Ол өзін-өщі өте жақсы түсінеді, өзіне не қажет екенін, қандай шаш үлгісі жарасады, нендей қылық жарасады, қайсысы жараспайды, қолынан не келеді, немесе келмейді. Рухани мол азықты, ол үнемі өзін жігерлендіріп, шабыттандырып, өзіне қажет деген білімді алып отырады. Үнемі бірнәрсемен айналысып, дамып жүреді.

Ол шиеленіс тудырмайды, туындаған шиеленістерді шешеді.

Ақылды әйел ешқашан дау-жанжалға мойынсұнбайды. Ол өзін шиеленістердің себепшісі етпейді, басушысы етеді. Ол ақылмен көп нәрсеге қол жеткізудің, ұрыс-жанжалдан ұтымды екендігін жақсы түсінеді. Оның отбасындағы ұрыс-керістер қабырғадан әріге естілмейді, нақтиырақ естірпейді. Ол әйел жақсысын асырып, жаманын жасыратын көреген әйел.

Ол әзілқой, күлгенді ұнатады.

Ақылды әйелдердің мінездерпі жайдарлы, жайма-шуақ келеді. Қызғаныш сезімінсіз, басқалардың қуанышына ортақтаса білетін әйел де дана әйел қатарынан. Ол әзіл арқылы көптеген қиын мәселерді шеше біледі. Тіпті қабағынан қар жауып тұратын құрбыларының да көңілінен шыға біледі.

Отбасы құруға не кедергі?
Қалай әдемі сөйлеуге болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу