Google сіз жайында не біледі?

Screenshot_5.jpg

Google бұл  іздегенді сұрамай-ақ тауып беретін жүйе. Авторлары - Стэнфорд университетінің студенттері Ларри Пейджа мен Сергей Брин 1998 жылы өз жұмысын бастап, бүгінде ұлтты, ұлысты таңдамай барша  адамдарға көмектесетін таптырмас құралға айналдырды. Зерттеулерге сүйенсек, әлем бойынша Google іздеу жүйесі бірінші орынды иемденіп, айына 41 млрд 345 млн сұраныс қабылдайды екен. Интернет қарқынды дамыған заманда көптеген веб-сайттар қолданушылар туралы жеке ақпарат жинайтыны анықталды. Оның ішінде әйгілі Google жүйесі де бар. Әрине, бұл бір жағынан аса маңызды емес болса, екінші жағынан сайт жинаған ақпарат басқа адамдардың қолына түсуі мүмкін екенін ұмытпағанымыз жөн. Ал сіз туралы мәліметі бар адам оны қандай мақсатта қолданатыны белгісіз.

  Google сіз жайында не біледі?

1. Іздеу тариxы және интернеттегі әрекеттеріңіз. Google іздеу сұрауларын ғана емес, оқыған мақалалар тізімін, сіз кірген адамдардың профайлдарын сақтайды. Осы сілтемеге өту арқылы өз әрекеттеріңізді зерттеп шықсаңыз болады. Міне: https://myactivity.google.com

2. Сіз қолданатын құрылғыларыңыз туралы ақпарат. Контактілеріңіз, күнтізбелік жоспарларыңыз, дабыл сағаттары, пайдаланылатын қолданбалар, музыкалық таңдауларыңыз және тіпті батарея қуаты туралы ақпарат - сізге қатысты жарнамаларды көрсету үшін Google жинайтын деректер тізімі. Толығырақ мына сілтемеде: https://bit.ly/30bZvGu

3. Бірінші және ең бастысы -геолокация. Оны пайдаланып, Google сіздің орналасқан жеріңізді бақылап, осы деректер негізінде жеке жарнамаларды ұсынады. Сілтеме: https://bit.ly/306NlP

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сүйелді қалай кетіруге болады?
  • Жігіт сені қолданып жүргенін білдіретін 4 фраза
  • Айна қашан пайда болды?
  • Этикет ережелері
  • Шаршаудан арылтатын рецептілер
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика