Тұрмыстық қызмет көрсету орталығын ашу

Oinet.kz 23-08-2019 1374

Screenshot_2.jpg

 Тұрмыстық қызмет көрсету - тапсырыс берушілер мен тұрмыстық қызмет ұсынатын  мамандар арасында делдалдық қызмет атқаратын компания. Артықшылығы адамның жалғыз өзі де атқарады алады, яғни қолында смартфоны болса.  

 Ұсынылатын қызмет түрлері: 

- Жүк тасу (грузчик); 

- механик; 

- автомеханик;

- электрик; 

- жиһаз жөңдеу;

- дәнекерлеу; 

- ағаш өңдеу; 

- үй тазалау;

- бала күтімі;

 Аталған қызмет түрлері керек болған жағдайда, бір ғана қалалық телефонына хабарласып, арнайы шақырта алады. 

  Екі жолмен табыс табу мүмкіндігі бар: 

- Қызметкерлерден белгілі бір үлес алу;

- Телефон қоңырауын ақылы түрде жүргізу.

 Үйде отырып-ақ табыс табу деген жарыса жазатын жарнамалардың шынайы үлгісі осы кәсіпте, себебі,  сізге арнайы орынды жалға алудың керегі жоқ, жаныңызда ұялы телефоныңыз болса болғаны. 

 Кәсіпті жүргізу барысы: 

- Ең әуелі, қызметін ұсынатын мамандарды табыңыз. Олардың сотталмағаны, зиянды әрекеттерден аулақ болғаны маңызды. Өйткені, әрбір қызметкерге сіз жауап бересіз. 

- Жарнама барынша сауатты, шынайы, жан-жақты жүргізілгені дұрыс. Газет, сайт, аялдамалар, пәтерлер, қаланы мүмкіндігінше өз жарнамаңызға толтырыңыз. 

- Қызметкерлермен келісімшартқа тұрыңыз. 

- Жаттауға жеңіл, абономенттерді тапсырыспен жасатыңыз.( соңы 5505, 0000 сынды нөмірлер) 

 Шығыс: 

- нөмірді 30000-ға ала аласыз. 

- Заңды түрде келісімшартқа құрастыру - 10000тг. 

- газетке жарнама - 750тг, аптасына бір рет  20 сөз - шамамен 3000тг. 

- сайттарға беру - 4000тг аптасына. 

- қағаздар тарату - 5000-дей болады. 

 Табысыңыз:

Тапсырыстан 20 пайыздық үлесіңізді алып отырсаңыз, 4000тг- ден 2000 тг. Күніне  клиенттің көптігіне қарай 20000тг қолыңызға түсіп отырады. Тәуекел етіңіз, барлығы өз қолыңызда! 


Тағам - мәңгілік бизнес
Google сіз жайында не біледі?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу