«Автограф» қоямын деп бас бостандығынан айрылды

Oinet.kz 23-12-2019 899

Британдық хирург Саймон Брэмхолл бүкіл Батыс әлемін дүр сілкіндірді. Талай жылдан бері абыройлы қызмет атқарып келе жатқан дәрігер белелді  ІІ Елизавета госпиталінен қуылып қана қоймай, бас бостандығынан да айырылды. Мистер Брэмхолл не бүлдірді  дейсіз бе? Ол өзіне трансплантологиялық операция жасатқан пациенттерінің донорлық органдарына қолын қойып отырған екен.  Дәл қазір оның кемінде екі пациентіне қатысты осындай сорақы істерді жасағаны дәлелденді.  Тергеу барысында анықталғандай, ол 2013 жылғы операциялардың барысында пациенттердің ішкі органдарына қан тамырларды күйдіруге арналған аргоннан жасалған хирургиялық жанарғымен (горелка) автографын, дәлірегі S және B әріптерін күйдіріп жазған.  

Screenshot_20.jpg

53 жасар хирургтың үстінен сотқа өзінің әріптес дәрігерлері арызданды. Атышулы Брэмхолмен бірге жұмыс істеген медиктің бірі   «ол органды қайтыс болған адамның туыстары беріп отырғандықтан, біз құрметпен қарауымыз керек. Мұндай мазақ тірлікке жол беруге болмайды» деп ызасын жасырмады. 

Шектен шыққан дәрігер өз кінәсін жартылай мойындап отыр. Ол «шабуыл жасау» бабы бойынша келіскенімен, денеге зақым келтіру бойынша айыбын мойындамайтынын жеткізді. Бір қызығы, Брэмхоллды жақтайтын пациенттер де табыла кетті. Жергілікті басылымның біріне сұхбат берген британдық әйел «Брэмхолл кезінде менің өмірімді құтқарған, оны жұмысына қайтару керек» деп мәлімдеме жасады. 

Жүктілік кезінде сау деген бала неге ауру болып туылады?
«Күлкілі маска» пациенттің көңілін аулайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу