Тырнағыңызға қарап денсаулығыңыздың қандай екенін білуге болады

Oinet.kz 15-01-2020 1919

Адамның сырт келбеті ішкі ағза жұмысынан хабар беретіні рас. Көз, тіс, тіл секілді  тырнаққа да қарап 20 астам ауру белгілерін анықтауға болады екен. Тырнақ ауру белгілерін біз сезгеннен әлдеқайда бұрын көрсетеді. Тырнақ күйінің диагностикасымен айналысатын ғылым онихология деп аталады. Ал белгілері...

Тырнақтың бетіндегі ақ дақтар ағзадағы цинк пен кальцийдің жетіспеушілігін білдіреді.

Screenshot_12.jpg

Тырнақтың бетіндегі тік жолақтар (қатпарлар) созылмалы қабыну процесстерін немесе ревматизмнің басталғанын аңғартады. Созылмалы өпке аурулары кезінде тырнақ беті ісініп, доғалданады.

Тырнақ түсі де біраз жайды білдіреді: қан айналымы нашарлағанда немесе анемия кезінде көкшілденеді, ал сарғыш тартқан тырнақ әдетте бауыры ауыратын немесе шылым көп шегетін адамдарда болады.

Егер тырнақ пластинасы қатпарланса, демек сізге Д витамині, кремний және кальций жетіспейді.

«Тырнағына қарап мінезін біл»
Тершеңдіктен қалай құтылуға болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу