Тершеңдіктен қалай құтылуға болады?

Oinet.kz 15-01-2020 4100

Көктем, жаз мезгілінде көптеген адамдар қара терге түсіп, мазасы кетеді. Күн ыстықта адам денесінен бөлінген терлер ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Термен бірге ағзадағы зиянды заттар бөлініп шығатыны белгілі, алайда шамадан тыс тершеңдік  адамның эндокриндік және жүйке жүйесіндегі өзгерістерге байланысты туындайды.

Адамның ең бірінші терлейтіні қолтық асты. Қолтық терлегенде тердің жағымсыз иісі өзіңізге ғана емес, айналаңыздағы адамдарға да жиіркеніш сезімін тудырады. Жағымсыз иістен үй жағдайында да құтылуға болады. Ендеше, бірнеше пайдалы кеңестерге көз жүгіртіп көріңіз. 

02165613.129696.2122.jpeg 

Қолтықтың тершендігін басу үшін 1 шай қасық  емен қабығына  бір стакан қайнаған су құйып лимон сөлін қосу керек. Осы тұнбаны мақтаға малып алып, қолтықты сонымен сүртіп жүрсеңіз, тершеңдікті бірте-бірте бәсеңдетеді. Сонымен қоса жиі терлейтін қолтықты ас содасы қосылған жылы сумен сүртіп немесе жуып жүріңіз. Тердің бөлінуі едәуір азаяды. Ағзаның қызметі нашарлағаннан болатын тершеңдікке өзіңіздің жеке   дәрігеріңізбен ақылдаса отырып жалпы  иммунитетті  күшейтетін дәрі-дәрмектермен қатар микроэлементтерге бай дәрумендерді үзбей пайдаланып тұру керек. 

Тырнағыңызға қарап денсаулығыңыздың қандай екенін білуге болады
Правильное питание или отклонение от нормы?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу