Егер темекіні тастасаңыз не болады?

Oinet.kz 07-07-2018 721

Темекіні тұтатқаннан кейін, оның құрамындағы улы заттар, шылым шегу арқылы өкпеге енгеннен кейін денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіреді. Ол улы заттар, ауыз және өкпе арқылы  қанның  құрамына өтеді. Бұл  заттарды  үш топқа бөледі: никотин, смола заттары және ысты газ. Сонымен  қатар  темекі түтінінде синилдік қышқыл, канцерогенді және радиоактивті изотоптар бар. Бұл  заттардың  ішіндегі  бәріне  белгілісі – никотин. Ол өкпеден  қанайналым  мүшелеріне өтеді де басқа әртүрлі органдарға жағымсыз әсерін тигізеді. Никотин – у, оны  үлкен  мөлшерде қолданғанда тамыр соғуын жиілетеді, басты айналдырады, вестибулярлық аппараттың жұмысын бұзады, салқын тер шығып, құсықты тудырады және адам бозарып кетеді.

191228014635424a3599235i.jpg

Егерде құстың (торғайлар немесе көгершіндердің) тек тұмсығына ғана никотинмен суланған шыбықты апарсаңыз-ақ болғаны олар өліп қалады. Үй  қояны  ¼ никотин тамшысынан, ал ит ½ никотин тамшысынан өліп кетеді. 

Адамды өлтіруге никотин мөлшері 50-100 мг болса-ақ жетіп жатыр, немесе 2-3 тамшысы да жеткілікті. Бұндай  мөлшердегі никотин 20-25 сигаретті тартқаннан кейін-ақ адамның қанының құрамында жиналады. Шылым  шегіп  жүрген адам не себептен бірден өліп кетпейді, себебі, ол сигаретті біртіндеп, ұзақ уақыт шеккендіктен тез өлуге душар болмайды. Оның  тағы бір себебі темекінің құрамындағы никотиннің бір бөлігін басқа бір улы зат формальдегид нейтралдайды. Шылымды ылғи тартудың салдарынан, өлімге апармайтын мөлшері, никотинге деген әдетті тудырып, шылым шегуге құмарлықты тудырады. Никотин адамның  дене  мүшелеріндегі зат алмасу құбылысына қатысып, бөлінбес бір бөлігі болып қалыптасады. Бірақ, егер  бір реттік  шылым шеккенде адам никотиннің көп мөлшерін алса, ол өлімге себеп болады. Улы заттар қан арқылы адам организімінде бар-жоғы 21-23 секундта айналып өтеді. Егер адам сигаретті ұзақ сорып тұрмаса, онда никотин тіл және жақтың шырышты қабығы арқылы қанға өтеді. 

Жыл сайын  дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн. адам қайтыс болады екен. Бүгінде жер шарында 1,2 млрд. адам темекі шегетін көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, 1997 жылы темекіден 3 млн. адам қайтыс болған болса, бұл көрсеткіш жыл сайын 33 пайызға өсіп отырған. Ал, Қазақстанда қазіргі уақытта 5 миллионға жуық адам темекі шегеді екен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне жүгінсек, егер жағдай өзгермесе, онда таяу жылдарда жарты миллиард адамның түбіне темекі жетуі мүмкін көрінеді. 

Темекі тартатын адам күніне орта есеппен 200 рет, айына 6 мың рет, жылына 72 мың рет ішке түтін сорады. Қызығы сол, темекі шегуді о баста «ойнап» бастаған 100 адамның 80-і біртіндеп тұрақты шылымқорға айналады. Қазір темекінің мыңнан артық зияны бар екені мәлім болып отыр. Сондықтан, темекі шекпейтіндер оған жоламай-ақ қойсын, шылымқорлар одан құтылудың жолын қарастырсын. Темекіде смола заттарының көп мөлшері болады. Ол заттар шылым шеккенде дене мүшелеріне жеңіл түрде өтіп кетеді. Егерде адам күніне бір қорап сигарет тартатын  болса, оның өкпесіне 700 гр смола түседі, оның құрамында 100-ге жуық әртүрлі канцерогендік заттар бары анықталған. Ол  канцерогендік  заттардың (қатерлі ісік тудыратын заттар) ішіндегі  ең қауіптісі бензпирен болып есептеледі. Темекі түтінінің радиоактивті заттары өкпе талшығында, сүйек  мүжігінде, лимфа түйіршіктерінде, ішкі бездерде жинақталады да айлап-жылдап, ұзақ уақыт бойына сыртқа түзіліп шықпай, өздеріне сай зиянды әсерлерін жалғастыра береді. Темекі радиоизотоптарынан әсіресе полоний-210  және  қорғасын-210 қатерлі  ісіктерді тудыратын  ең  басты  улы  заттар болып  табылып  отыр. Бұл  заттар темекі шегушілердің  генетикасын  зақымдайтын ең негізгі  себептер. Адамды 200 рет рентгенге түсіргенде  денеге өтетін радияциялық  мөлшерді, адам күніне 20 сигарет тарту арқылы-ақ қабылдап жатады.

Егер темекіні тастасаңыз:

- 24 сағаттан кейін жүрек талмасы қаупі азаяды; 

- 2 күннен кейін дәм мен иіс сезу жағдайы әдеттегі адамдармен теңеседі; 

- 3 күннен кейін тыныс алу қалыпты жағдайға жетеді; 

- 3 айдан кейін өкпе әдеттегіден 30 пайыз артық жұмыс жасайды; 

- 1 жылдан кейін жүрек ауыру қаупі 50 пайызға азаяды; 

- 10 жылдан кейін өкпе рагіне шалдығу қаупі темекі шекпеген адамдікмен теңеседі; 

- 15 жылдан кейін жүрек пен қан қысымы ешқашан темекі шекпеген адамдармен бірдей болады. 

Салауатты өмір салтын ұстаныңыз!

Р.АХМЕТОВА,

№1 Шымкент қалалық емханасының дәрігер-педиатры

Сурандра Кумар: «Я обращаюсь к пациентам как к своей маме»
Жүктілік кезінде қалай тамақтану керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу