Ұсқынсыз көкөністер

Oinet.kz 22-10-2019 941

АҚШ-тың Флорида штатындағы Майами Шорс елді мекенінде тұратын, өз ауласында 17 жылдан бері бау-бақша, жеміс, көкөніс, ағаш өсірумен айналысатын ерлі-зайыптының көкөніс өсіруіне тыйым салынған. Билік өкілдері тыйымның себебін көкөністердің ұсқынсыздығымен түсіндірген. Бағынбаған жағдайда жұбайларға күніне 50 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынатыны ескертілген. Ерлі-зайыптының билік өкілдеріне бағынып, көкөністерді жоюына тура келген.

Screenshot_1.jpg

Көкөністерді жойғанға дейінгі аула көрінісі

Әлемдегі ең көп сатылатын 10 автокөлік
Тест: Мінездің жасырын белгілері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу