Саусағына қарап қандай адам екенін білуге болады

Oinet.kz 04-12-2019 1248

Хиромант мамандар саусақты пішіміне қарай үшкір, төртбұрышты, доғал, салалы, қысқа деп беске бөледі.

Үшкір саусақ – Хирономия ілімі бойынша мұндай саусақ иелері іскер, қызуқанды, әсершіл, шешімтал болып келеді. Сондай-ақ мамандар үшкір саусақтыларды не нәрсеге де шыдамсыз, тұрақсыз, құбылмалы, жұрттың айтқанына ергіш, сенгіш келеді деп есептейді. Кейбірінің тіпті жеңілтек,қатігез болуы да ықтимал екенін ескертеді.

Screenshot_24.jpg

Төртбұрыш саусақ – Хирономия мұндай саусақты адамның тәртіпті, жинақы, табанды, ынталы һәм досқа адал болатынын айтады. Салт-дәстүрді ұстануға, адам сыйлауға бейім келеді. Нақтылы ғылымдарды игеруге қабілетті, ерік-жігері мықты. Алайда төртбұрышты саусақ иелерінен өзгеге ұқсамайтын ерек қасиет иелері шыға бермейді, өзі түсініп, ұғуға шамасы жетпейтін нәрсені мойындауы қиын. Ойлау қабілеті де, іс-әрекеті де тек нақтылыққа, материалдық негізге табан тірейді. Мұнысы оның адымын аштырмай, күнделікті ұсақ-түйек тірліктің қызығына алданып өмір сүруіне әсер етеді.

Доғал саусақ – бітімі қайратты, жігерлі, дербес іс-әрекетке құштар һәм мақтан сүйгіштеу адамдарға тән. Басқаның ой-пікірімен санаса қоймайды, үнемі дерлік өзім білемін, өзімдікі дұрыс деген сенім жетегінде жүреді. Хирономия доғал саусақтылардан жұртты соңынан ерте білетін шешен-көсемдердің, мықты актерлардың жиі шығатынын алдыға тартады.

Салалы саусақ – қандай қиын болса да шаруаны да қиналмай һәм мінсіз атқаруға қабілетті кісілерде кездеседі. Бауырмал, жақын-жуықтарына, дос-жарандарына қамқорлық жасауға әзір тұрады. Бірақ басына іс түскен, тығырыққа тірелген кездері тым ұсақталып, өзіне лайықсыз әрекеттерге бару, жоқтан өзгені қазбалап, жөн-жосықсыз қазымырлыққа салыну да салалы саусақтыларға жат қылық емес дейді хирономия.

Сұқ саусақ  ұзындығы ортаңғы саусақпен бірдей болса, онда ондай адамның әміршіл болу, даңққа жету мүмкіндігі өзгелерден әлдеқайда жоғары. «Наполеон сияқты көптеген даңқты қолбасшылардың, соңынан ел ерген азаматтардың саусақ бітімі осының дәлелі»,-дейді мамандар.

Лотореядан 758 млн 700 мың доллар ұтқан медбике
Тоқаев туралы қызықты деректер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу