Лотореядан 758 млн 700 мың доллар ұтқан медбике

Oinet.kz 04-12-2019 1100

АҚШ-тағы танымал лотерея ойындарының бірі  - Powerball-дың ұйымдастырушылары 758 миллион 700 мың долларды ұтқан адамның есімін жариялады. Ол – Массачусетстің тұрғыны, мейірбике болып жұмыс істейтін Мэвис Уончик екен. Бұл тарихтағы ең ірі джек-поттардың бірі. 2015 жылдан бері лотереяны жүргізу ережелері өзгеріске ұшырап, ең жоғарғы ұтыс мөлшері  анағұрлым көбейген болатын. Әйткенмен, жалғыз билеттің джек-птты ұтып алу мүмкіндіктері тым азайып кеткен. Екі баланың анасы Уончик суперпризді жеңіп алғанын естігенінде, алғашында шокқа ұшырап, сене алмай тұрғанын жасырмады.   Сол күні жұмысынан әріптесінің көлігімен қайтуға мәжбүр болыпты. 

Screenshot_22.jpg

760 миллион доллар ұтқанымен, миллионер мейірбике бұл соманың барлығын алмайды. Американдық заңдар бойынша, мұндай табыстың 39,6 пайызы салық ретінде мемлекеттің пайдасына алынады. Яғни, нақты ұтыс 480,5 миллион долларды құрайды. Мэвис Уончик бұған да риза. Ұтысын алған бойда ол өзі жұмыс істеген мекеме басшысына қоңырау соғып, қызметтен кететінін хабарлаған.  

Жаңа Жыл мерекесінің шығу тарихы
Саусағына қарап қандай адам екенін білуге болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу