Жүкті әйелдер туралы халық ырымдары

Oinet.kz 01-02-2019 2961

Аяғы ауыр болғанын сезген әйел бұл жаңалықты туған-туыстарына неғұрлым кешірек хабарласа, соғұрлым жақсы. Өйткені, әйелге тіл-көз тигіш келеді.

1529903.jpg

1.Егер әйел қыз туа берсе, баланың жолдасын босанған әйелдің басынан үш рет айналдырса ұл туады.

2.Келін бала көтермесе, нағашы жұртының бір баласын қойнына алып жататын ырым бар.

3.Жүкті әйел шашын кессе іштегі бала кемтар болып туады, бақыты кесіледі деп ырымдайды.

4.Жаңа түскен келін киім-кешегін қысқартса нәрестесі кем туады немесе түсік тастайды деп рұқсат етпеген.

5.Жас келіншек аяғы ауыр кезінде түйе етін жемейді. Себебі, баласын түйе сияқты көп уақыт көтеріп, мезгілінде тумайды деп ырымдаған. 

6.Адамның келіншек отырған жақтағы аяғы ұйып қалса – ол екіқабат екен деп ырымдайды.

7.Жүкті әйел қоян етін жесе немесе оған жерік болса – баласы қоянжырақ болып туады деседі.

8.Әйел екіқабат кезінде жерігі қанбаса одан туған баланың аузынан су ағып жүреді.

9.Әйел босанар кезде үйдегі сандықты босатып қояды, сонда әйел тез босанады деп ырымдаған. 

10.Жүкті әйелге ұсқынсыз заттар мен дүниелерге, көріскіз адамдарға, сонымен бірге мәйітке қарауына болмайды.

11.Босану кезінде қиындық болады деп аяғы ауыр әйелдерге түйме қадауға немесе киім жамауға рұқсат етілмейді.

12.Жүкті әйелге бірденені майыстыруға немесе кесуге болмайды, ара, қайшы ұстатпайды. Әйтпесе мерзімінен бұрын босанады.

13.Екі қабат әйел керулі тұрған және шұбатылып жатқан арқаннан аттамайды. Бұлай істесе босанған кезде баланың кіндігі мойнына оралып, өміріне қауіп төнеді деп ырымдаған.

14.Әйел толғатқанда үй ішінде ілулі тұрған заттар алынады. Осылай істелсе толғақ жеңіл болады деп ырымдаған.

15.Сәби анасының төсін ұстап отырып емсе – сараң болады, еркін емсе – жомарт болады деседі. 

16.Сәби шалқасынан алаңсыз ұйықтаса – елге белгілі азамат болып өседі, бүк түсіп ұйықтаса -  уайымшыл. Жігерсіз болып шығады, етпетінен жатып ұйықтаса – ойшыл болады. Егер аяқ-қолын еркін созып ұйықтаса – болашақта батыр болады, бұл – кемеңгерліктің белгісі.

17.Бесіктің бас жағына пышақ, қайрақ, қамшы қояды немесе үкінің тұяғын, кірпінің терісін, жыланның бас сүйегін тағады. Мұндайда шайтан, жылан, жәндік, тышқан келмейді деп ырымдаған.

18.Балаға асық етін мүжітпейді. «Алты жыл аш болсаң да асық етін мүжі» деген сөз бар. Тілдің ұшын жесе – сүйреңдеп сөйлей беретін болып ырымдаған. 

Қан тобына қарап жұмысқа алады
Антарктидадағы гемоглобині жоқ балықтар туралы естігенсіз бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу