Сүйек пластинка туралы естігенсіз бе?

Oinet.kz 02-01-2020 971

e68e9daf-7983-42e9-847b-26ad0208d9e2-2060x1236.jpeg

Қазіргі DVD дискілердің «атасы» пластинкалар естеріңізде болар. Магнитофон пайда болғанға дейін жұрт осы пластинкалардан әуен тыңдаған. Енді мына бір қызықты фактіге көз жүгіртіп көріңіз. XX ғасырдың 60 жылдарында  КСРО-да жасырын дыбыс жазу студиялары көп болған. Олар елде тыйым салынған, биліктің құрығына іліккен немесе жәй ғана басшыларға ұнамайды-ау деген музыкаларды пластинкаларға жазып отырған. Ал пластинкалар қажетсіз рентген пленкасынан жасалды. Сол кездегі сақталған дөңгелек «дискілерден» бас сүйек, қабырғалардың суреттерін айқын көруге болады. Студия қызметкерлері пленкаларды архивте үйілген «суреттерден» құтылуға асыққан медқызметкерлерден су тегін алып отырған. Ел ішінде мұндай әуезді рентген қағаздары «сүйек пластинка», «қабырға пластинка» деп аталып кетті. 

Табиғаттағы хирургтар кімдер?
Періште қақты деген қалай болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу