Періште қақты деген қалай болады?

Oinet.kz 02-01-2020 1451

5f80de1ec965d6e496cbb8953898204e.jpg

Медицинада адамның қалыпты дене температурасы цельсия шкаласы бойынша – 36 градус. Дене қызуы одан төмен немесе жоғары болса адам организмі мұны көтере алмауы мүмкін. Алайда Америка азаматы Уилли Джонс бұл заңдылыққа бағынбайды. Себебі... 

1980 жылдың 10 шілдесі күні Уилли науқастанып, жедел түрде Джорджия штатындағы ауруханаға жеткіледі. Пацинеттің жағдайын бақылаған дәрігер оның дене қызуын көргенде талып қала жаздаған. 46,7  градус! Мүмкін емес, мұндай градуста адам тірідей өртеніп кетеді екен. Бұл уақытта даладағы ауа температура 32,2 градусты көрсетіп тұрған. Бірақ 52 жастағы Джонстың денесі бұл ыстықты көтере білді. Ол аурухана төсегінде үш аптадай жатып, үйіне сап-сау оралды. Бұл жағдай кейіннен Гиннестің рекордтар кітабына енеді. 

Ал ең төмен дене температурасы екі жасар Рейджанға тиесілі. Қарашаның қара суығында үйіне кіре алмай қалған балақай минус 22 градуста далада түнеуге мәжбүр болады. Ертесіне даладан тоңып қалған қызды тауып алғанда дәрігерлер оның тірі қалғанына таңқалды. Өйткені  сол кезде бүлдіршіннің дене температурасы минус 14 градусты көрсеткен. Мұндайға шыдау мүмкін бе? Періштесі қақты деген осы шығар?!

Сүйек пластинка туралы естігенсіз бе?
Қай ағашты таңдайсыз? (психологиялық тест)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу