Пластикалық ота жасау қай елден басталған?

Oinet.kz 16-01-2020 806

rafael_el_roman_bene_sen_lazimsin-2-759x500.jpg

Пластикалық отаға бүгінде әлем халқының басым бөлігі жүгінеді. Әсіресе, шоу-бизнес өкілдеріне бұл үйреншікті процедураға айналған. Ал сіз білесіз бе, пластикалық ота Үндістаннан бастау алады екен. Біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда үнді елінде хирургияның көмегімен бетті түзету, дененің кем-кетігін толықтыру әрекеттері жасалыпты. Ал мұндай оталардың алғашқы пациенттері қыз-келіншектер емес абақтыда жазасын өтеп жатқан ер кісілер болған. Үнді елінің заңы бойынша жаза ретінде қылмыскерлердің мұрнын шапқан. Ал дәрігерлер тәжірибе ретінде жұлынған мұрынды маңдайдағы теріден алып қайта жамап берген.  

Психологтар мәлімет бойынша әлемдегі тұрмыс құрған, жұмысы бар, белсенді өмір кешетін келіншектердің 40 пайызы  пластикалық ота жасадаты екен. 

Құмырсқа – хирургтің көмекшісі
Ежелгі Вавилондықтар аурудан қалай емделген?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу