Құмырсқа – хирургтің көмекшісі

Oinet.kz 16-01-2020 1015

Далада қыбырлап тіршілігін жасап жүретін құмырсқалар өміршең келеді. Илеуіне азық тасудан шаршамайтын жәндіктің медицина саласында да пайдасы бар екен. Құмырқаның ішпердесіндегі темірден дәмі қышқыл сұйықтық болады. Аталған сұйықтық көптеген ауруларға ем. 

03_dEXleKb.jpg

Медицинада құмырсқа қышқылы атанып кеткен сұйықтық ауруды басатын қасиетке ие. Ежелде емшілер құмырсқа қышқылынан бальзам жасап, ауырған жерге жаққан, тіпті одан тұнба жасап ішкен. Ал қазір ол артрит, ревматизм, артроз, остеохондроз, радикулит, остеоартроз, сколиоз ауруларында және түрлі дене жарақаттарында қолданылады. Еңбекқор жәндіктің қышқылы косметология әлемінде де үлкен сұранысқа ие. Себебі ол теріні тазартады. 

Медицина тарихында  құмырқа қышқылын ота кезінде пайдаланған алғашқы хирург үндістандық Сушрута. Ол науқастың ішін кесіп бүлінген ішекке жаңа ғана жұлынған құмырсқаның басын салады. Жәндіктен бөлініп шыққан қышқыл ішектің зақымданған бөлігін лезде жазып шығарған екен.  Ал қышқылды құмырсқаның бойынан алғаш рет анықтаған ағылшындық натуралист Джон Рэй.  

Наркоздың атасы - скат
Пластикалық ота жасау қай елден басталған?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу