Ерлі-зайыпты блогер Жанәбіловтерді қандай жаза күтіп тұр?

Oinet.kz 16-09-2025 79

Ерлі-зайыпты блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың ісі қылмыс құрамының болуына байланысты қайта тергеуге жіберілді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

Олар ұтысқа 10 көлік тігіп, сонымен бір уақытта 30 мыңға курс сатқан. Соттың мәліметінше, оған алты мыңға жуық адам қатысқан. Прокурорлар блогерлер лотерея өткізіп, курс сатпақ болған деп есептейді.

Қандай жаза күтіп тұр 

Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу (Қылмыстық кодекстің 214-бабы) — 3 мың АЕК дейін 

(10,3 млн тг) айыппұл немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Құмар ойындары мен лотерея өткізу ережелерін бұзу (Қылмыстық кодекстің 307-бабы) —  5 мың АЕК дейін (~17,2 млн тг) айыппұл немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Алдау фактісі дәлелденген жағдайда алаяқтық (Қылмыстық кодекстің 190-бабы)— 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Блогерлердің ұтыс ойыны жалғасады

Журналистер адвокаттан Жанәбіловтер соттан кейін курс пен ұтыс ойындарын өткізуді жалғастыра ма деп сұрады.  

"Менің ойымша, олар өткізеді. Өйткені олар өз міндеттемелерін орындауы керек. Егер комитетте немесе прокуратурада ұтыс ойынына қатысты күмән болса, мүмкін оны басқа форматта өткізу керек шығар. Мемлекеттік орган мен қатысушылардың бәрі бұл процестің ашық екеніне көз жеткізуі үшін", – дейді Олег Чернов.

Адвокат ерлі-зайыпты блогерлерге қатысты әкімшілік істерді тоқтатып, материалдарды алдын ала тергеу үшін Экономикалық тергеу департаментіне жіберу туралы сот шешіміне шағым түсіретінін мәлімдеді.

"Біз әкімшілік хаттаманың жарамсыз екенін дәлелдей алдық. Соттың адамдарды кінәлі деп тануына негіз болатын нақты дәлелдер жоқ. Ал судьяның ‘қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар’ дегені олар қылмыстық құқықбұзушылық жасады дегенді білдірмейді. Бұл – барлық уәждің толық зерттелмегенін көрсетеді", – деді Олег Чернов.

Айта кетейік, кеше өткен сотта Ерболат Жанәбіловтің заңсыз лотерея өткізу фактісі бойынша қозғалған әкімшілік ісін тоқтату туралы қаулы шығарылды. Бұл істе қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар болғандықтан, іс Экономикалық тергеу департаментіне жолданатын болды. Оның жұбайы Эльмира Төлегеноваға қатысты әкімшілік іс те тоқтатылып. Қылмыстық іске ауыстырылды.

Еске салайық, бұған дейін блогер Жанәбіловтер отбасы ұйымдастырған 10 көлік ұтысы дау туғызған болатын. Қаржы мониторингі агенттігі ұтыс заңдылығын тексеруге кірісіп, материалдар туризм министрлігінің "Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетіне" жолданды. Артынша, туризм және спорт министрлігі Instagram әлеуметтік желісіндегі "Zhanabylov_e" және "elt6i" аккаунттарында өткізілген бағалы сыйлықтарды ұтысқа салуға қатысты мәлімдеме жасаған еді.

«Сүйген жүрек ешқашан қол сілтемейді»: Қарақат Әбілдина махаббат жайлы ойын ортаға салды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу