Наразы халық жалаңаш күйі өзенге түсіп, қашқан министрдің артынан қуды

Oinet.kz 10-09-2025 56

Непалда әлеуметтік желілерге тыйым салынғаннан кейін жаппай наразылық басталды. Халық қашқан министрді өзенге түсіп қуды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_14.jpg

Наразылыққа шыққан «Z ұрпақ» қашып, өзенге секірген қаржы министрі Бишну Прасад Пауделдің артынан қуды. Наразы халық алдымен министрді ұрып-соғып, киімдерін шешіп, жол бойымен сүйреген. Кейін өзенге секірген министрді шеруге шыққандар жайына қалдырмады. 

Көтерілісшілер Непал президентінің Катмандудағы резиденциясына кіріп, оны өртеп жіберді. Экс-премьер-министр Шарма Олидің Балко қаласындағы жеке резиденциясы, сондай-ақ, министрлер мен саясаткерлердің бірнеше резиденциясы зардап шекті. 

Айта кетейік, кеше, 9 қыркүйек күні Непалда көтерілісшілер премьер-министрдің әйелін ұрып-соғып, өртеп жіберген еді.

7 жасар қызын аюдың апанына лақтырып, ақыры пышақтап өлтірген әйел құрықталды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу