«Бір күні той жасап жүрмесін»: Мәжілісте анасын туған күнімен құттықтаған депутат сынға қалды

Oinet.kz 10-09-2025 161

Мәжілістің жалпы отырысында ерекше жағдай орын алды. Депутат Ардақ Назаров ресми депутаттық сауалын бастамас бұрын мінберден сөз алып, өзінің анасын туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Alash.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_10.jpg

Бұл сәт залда отырғандар үшін тосын жағдай болып, қоғам назарын өзіне аударды.

Журналист Гүлбану Әниятқызы әлеуметтік желідегі жазбасында осы жайтты атап өтіп, пікірін білдірді.

"Кластасым бүгін депутаттық сауал жолдамас бұрын анасын туған күнімен құттықтапты. Бір күні парламентте той жасап жүрмесін, құрсын", – деп жазды ол.

Депутаттың бұл әрекеті желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, түрлі көзқарас тудырды.

"Ананың орны бөлек қой, әрине. Бірақ барлық нәрсенің жөн-жосығы, реті болмаушы ма еді? Тілің жеткенше құттықтай бер, жұмыстан тыс уақытта. Ән арна, жыр арна, зәулім сарай сыйла, той жаса, бірақ Парламентте елдік мәселеге әркім жеке қуанышын қосып, айта берсе, Парламентте не айбын қалады?..", – деді желі қолданушылары.

«Несие алғандарға жәрдемақы берілмейді»: Министр жаңа құжатты түсіндірді
«Аутист балаларды өлтіру керек»: Министр елді дүрліктірген блогерге жауап берді (ВИДЕО)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу