Астанада 35 жастағы ер адам тірі әке-шешесінің «жерлеу рәсіміне» деп әріптестерінен ақша жинап алған

Oinet.kz 16-09-2025 190

Астанада полиция қызметкерлері алаяқтықпен айналысты деген 35 жастағы ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_5.jpg

Ол әріптестеріне жалған ақпарат айту арқылы олардың сеніміне кіріп, заңсыз пайда тапқан деген күдікке ілінді.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті әріптестеріне алдымен әкесі, кейіннен анасы "қайтыс болды" деп жалған ақпарат таратқан. "Жерлеу рәсіміне қаражат қажет" деген сылтаумен әріптестерінен ақша жинаған. Осылайша адамдардың жанашырлығы мен сеніміне кіріп, қаражат иеленіп отырған.

Тексеру барысында ер адамның ата-анасы аман-есен екені анықталған. Сонымен қатар полиция оның осындай тәсілмен кемінде 10 алаяқтық дерегіне қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Астана қаласы полиция департаменті азаматтарға өзара көмек пен жанашырлық сезімін қылмыстық мақсатта пайдалануға жол берілмейтінін ескертеді. Сондай-ақ күмәнді жағдайларда сақ болып, дереу полицияға хабарласу қажеттігін еске салады.

Наразы халық жалаңаш күйі өзенге түсіп, қашқан министрдің артынан қуды
Мектеп оқушысы жаңа босанған сәбиін дәретхана суына лақтыра салған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу