Неліктен ер және әйел адамдардың жейделеріндегі түймелер екі жақта орналасқан?

Oinet.kz 11-03-2020 1877

Баршамыз байқағандай, жейде түймелері ер адамдарда оң жақта, ал әйел адамдарда сол жақта орналасқан. Неліктен? Бұл дизайнерлердің ойлап тапқан сәні ме, әлде ер мен әйелдің екі қилы екенін дәлелдеудің бір түрі ма?

Қазіргі таңда ер мен әйел адамдар арасындағы сән өзгеріске ұшырады. Кейде ерлі-зайыптылардың киімдеріне қарап  қайсысы киетінің ажырата алмаймыз. Әйел адамдар іскерлік костюмдерді кие берсе, ал жігіттер тар джинсы киюге ұялмайды. Жәй ғана барлығына сән ретінде қарайды. 

940-16.jpg

Ер мен әйел жейделеріндегі айырмашылық ХІІІ ғасырда түйме пайда болған уақыттан бері бар. 

Бірақ түймелердің орналасуы нақты анықталған. Ерлердің жейде түймелері солдан оңға қарай бекітіледі. Бұл көпшілік адамдар оң қолдарын солға қарағанда көбірек пайдаланады. Ерлер киім кигенде қиналғысы келмейді. 

Бірақ неге әйелдер мұны басқаша жасау керек?

Әйел жейделеріндегі түймелер оңнан солға қарай бекітіледі. Себебі, бұрынғы уақытта түймелер қымбат тастар мен бағалы металлдардан жасалынған екен. Тиісінше, қымбат түймелі киімдерді бай дәулетті әйелдер ғана киетін. Ал киімді өздері емес, қол астындағы күңдері кигізетін болған. Сондықтан да түймелерді киім киетіндерге емес, кигізетін күңдердің бекітуіне  ыңғайлы етіп тігетін болған. Содан бері әйелдер киімдеріндегі түймелер оңнан солға қарай бекітілетін болған. 

Қызықты 10 шырша
Зигмунд Фрейд неден қорыққан?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу