Әлемдегі ең қымбат көлік нөмірі - 14 млн. доллар тұрады

Oinet.kz 01-08-2019 1923

Screenshot_19.jpg

Әлемдегі ең қымбат автомобиль номері 2011 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінде 14 миллион долларға сатылды. Номер «1» деген цифрдан ғана тұрады. Аукционда жолы болған Абу-дабилік 25 жастағы миллиардер Саид Абдул Гаффар Хоери номерді тіпті 30 миллион долларға сатып алуға дайын екенін айтады. Бір қызығы аукционнан  түскен қаражат қайырымдылыққа таратылған. Араб Әмірліктерінде сатып алынған номер иесіне мәңгілікке беріледі. Қожайын оны сатуға да, мұраға қалдыруға да құқы бар. Аталған мемлекеттің жол полиция қызметкерлері 2007 жылдан бастап эксклюзивті номерлерді сату үшін 12 рет аукцион ұйымдастырған. Ал одан жиналған қаржы 136 миллион долларға жеткен.    

Автобуста қарттарға орын беру - сыйламағандық белгісі
Әлемдегі ең үлкен қоян - Дарий
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу