Әлемдегі ең үлкен қоян - Дарий

Oinet.kz 01-08-2019 1508

Screenshot_20.jpg

Әлемдегі ең үлкен қоян  Дарий. Оның салмағы 22 келі, ұзындығы 1 метр. Салпаң құлақ Англияның тұрғыны Эдвардстың қожалығында өмір сүреді. Дарий  отбасындағы жалғыз алып қоян емес. Оның көжегі де жыл сайын өзі секілді өсіп келеді. Гиннестің рекордтар кітабына енген қоянды және оның көжегінің  қарнын тойдыру да оңай емес.  Әкелі-балалының әрқайсысы жылына 2000 сәбіз бен 700 алма жейтін көрінеді. Қояндардың иесі олардың ас-суларына кететін жылдық шығын 5000 фунт дейді.

Әлемдегі ең қымбат көлік нөмірі - 14 млн. доллар тұрады
Ер-азаматтардың меңі қандай сыр шертеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу