Қара айсбергті көргенсіз бе?

Oinet.kz 02-08-2019 924

Screenshot_16.jpg

Айсберг десе көз алдыңызға мұхит ортасындағы аппақ мұздықтарды елестетесіз. Ал қап-қара айсберг ше? Ол мүмкін емес дейтін шығарсыз. Бірақ мұхиттардан қара түсті мұздықтарды да кездестіруге болады. Табиғатта мұзтаудың тау қыртысын немесе топырақ бетін жұлып алып кететін сәттері болады. Осы кезде мұздың қалың бөлшегі қара түске айналады. Антарктида материгінен бөлініп шыққан қара мұзтаулар жанартау шаң-тозаңынан пайда болады. Ол жақын маңда орналасқан Оңтүстік Шетландық аралдардан келеді. Мұзтау суда ери бастаған кезде оның бетінің түсі өзгереді, яғни төменгі беті ақ, жоғарғы беті қара болады. Осылайша ақ түсті мұз қараға айналады. Ертеректе теңізшілер қара айсбергті кездестірсе бір бәлекетке ұрынамыз деп сенген. Алайда, мұздықтың мистикалық күштерге еш қатысы жоқ. 

Есірткі қолдануға тыйым салынбаған әлемдегі жалғыз ел
Тон киіп өсетін ағаш
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу