Жюль Вернның туындысындағы король – қазақтың ханы!

Screenshot_25.jpg

ХІХ ғасырдың ғылыми фантастикалық роман жанрының негізін қалаушы француз жазушысы Жюль Вернді білмейтін адам кемде-кем шығар. Оның кітаптары бойынша капитан Немо, капитан Грант, капитан Гаттерас және  көптеген осы сынды жағымды кейіпкерлер туралы Голливудтық фильмдер мен мультфильмдер түсірілген.

Сондықтан оның шығармашылығын білетін адамдар оның басты рөлдердің бірінде татардың ханы Феофар бейнеленген «Михаил Строгов: патшаның шабарманы» атты романымен де таныс болар. Бірақ Жюль Верн өз романында Феофар ханды Қазақ хандығының соңғы ханы Кенесары Қасымұлы туралы әңгімелерді негізге ала отырып суреттеген.

Өйткені Жюль Верннің жас кезінде Шыңғысханның ұрпағы болып саналатын татарлар (барлық түркі халықтары мен Европадағы монғолдарды татарлар деп атаған) Ресей империясына қарсы шығып, көтеріліс жасағаны және оны сәтті жүргізе алғандығы туралы әңгімелер оның қызығушылығын оятып, 25 жылдан соң Шыңғысханның тікелей ұрпағы Кенесары ханды негізге ала отырып, Феофар ханды суреттеген романды жазуына себеп болады.

Сонымен қатар Ұлыбританиялық зерттеуші ғалым Т. В. Аткинсон  «Кенесары қазақтардан ғажайып жауынгерлер даярлады. Найза мен айбалтаны тамаша игерген, шапшаңдығына көз ілеспейтін Кенесарының жігіттері өзінен күші басым жаумен қаймықпай соғысып, жеңіп шыға беретінін естігенім бар. Егер білікті офицерлері болса, қазақтар әлемдегі ең әйгілі атты әскерді құрар еді», - деп жазады.

Жюль Вернның осы романының негізінде ондаған мультфильмдер, фильмдер, тіпті Францияда, Бразилияда, Ұлыбританияда, АҚШ-та телесериалдар да түсірілген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жәндіктер неліктен ауру сезбейді?
  • Көздің жасы неліктен тұзды?
  • Неліктен аза кезінде ту төмен түсіріледі?
  • Шыбындар табандарын неліктен жуады?
  • Агнотология қандай ғылым?