Мұрныңыздың қышығаны неден белгі береді?

Oinet.kz 27-08-2019 11934

pochemu-cheshetsya-nos-1.jpg

 Кеше сіңлімнің «әпке, осы мұрын не үшін қышиды? Ол ненің белгісі?» деген сөзінен соң ғана белгілер мен жорамалдар туралы ойлана бастадым. Оң алақан қышыса, «біреумен қол алысқалы жатырсың», сол алақан қышыса, «ақша келейін деп жатыр» деген сияқты ырымдары мен түсініктері бар. Ал мұрынға қатысты қандай жорамалдар бар? Сол жорамалдар рас па? Сіз сондай наным-сенімдерге сенесіз бе?

Сонымен, мұрныңыздың қышығаны неден белгі береді?

Егер мұрныңыздың ұшы қышыса, онда отырысқа дайындала бергеніңіз жөн. Тіпті сіз ешқандай отырыс пен қыдыруды жоспарламасаңыз да, мұрныңызды алдай алмайсыз. Ол алдағыны сізден бұрын болжап отырады. Тек оның белгісіне мән бере біліңіз.

Одан бөлек мұрынның ұшы ақшаның келе жатқанын да алыстан сезеді екен. Мұның растығына көпшілік көз жеткізген.

Сонымен қатар аптаның қай күні екеніне де мән беріңіз. Себебі оның өзі де ерекше белгі болуы мүмкін:

Дүйсенбі болса – сыйлық алуыңыз мүмкін;

Сейсенбі – достық отырыс;

Сәрсенбі – ескі достармен кездесу;

Бейсенбі – отбасындағы қуанышты жағдай. Ол дүниеге нәрестенің келуі, көптен күткен жүктілік не болмаса лауазым болуы да мүмкін;

Жұма – қаржылай сыйақы;

Сенбі – кіріс, жұмыста жоғарылау;

Жексенбі – тойға шақырту.

Ал егер бүкіл мұрныңыз қышыса, ол ұрыс не төбелесті білдіреді екен не болмаса басшылық тарапынан сөз естуіңіз мүмкін. Мұндай жағдайлар орын алмас үшін қасыңыздағы адамға мұрныңыздан шерткізіп алыңыз. Қатты емес әрине, аздап қана шерткізіңіз. Әйтпесе жорамал тап сол жерде орындалып кетуі ғажап емес.

Сонымен қатар жаңа іс бастамай, бітпеген істеріңізді аяқтауға тырысыңыз. Мұндай белгі кезінде бастаған ісіңіз сәтсіздікке алып келуі мүмкін.

Мұрынның айналасының қышуы – өміріңізде махаббат орын алғалы жатқанының нышаны. Ол міндетті түрде жаңа адамды жолықтырасыз деген сөз емес, баяғы сезімдеріңіз қайта жануы да мүмкін.

Егер кеңсірігіңіз қышыса, бұл жақсылық емес. Онда кез келген жағдайға дайын болып, сабырлылыққа өзіңізді алдын ала тәрбиелей бергеніңіз абзал. Себебі сізді көп әуреге салатын қиындық орын алуы мүмкін.

Мұрныңыздың сол қанаты қышыса, жағымсыз хабар келуі мүмкін, ал егер оң қанаты қышыса – жақсы жаңалықтың белгісі.

Сол жақ танау жағымсыз жағдай мен қаржылық қиындықтан хабар беруі мүмкін. Сондықтан асығыс шешім қабылдамай, сабырлы және ұстамды болғаныңыз дұрыс. Жүкті әйелдерде ол ұл баланың дүниеге келетінінен хабар беруі де мүмкін. Ал оң жақ танау керісінше алдағы уақыттағы бақыт пен сәттілікті сүйіншілейді. Достарыңыздан және бейтаныс жандардан сыйлық алуыңыз ғажап емес. Ал жүкті әйелдер үшін бұл қыз баланың туылатынан ақпарат береді. Ал егер екі танауыңыз қатар қышыса, онда жақын арада жүктілігіңізден хабар береді.

Біз сіздерге халықта көптеп қолданылатын жорамалдарды атап көрсеттік. Ал оған сену не сенбеу әр адамның өз еркінде. Ал сіздер қандай жорамалдар білесіздер?

152 мың адам көз жұмуы мүмкін
Айнаның қандай сиқыры бар?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу