Айнаның қандай сиқыры бар?

Oinet.kz 27-08-2019 2900

Screenshot_10.jpg

 Айна, шамамен,  7 мың жыл бұрын, нақтырақ айтсақ 1219 жылы  пайда болды. Француз Джон Пек алғаш рет қорғасынның жұқа қабатымен қапталған шыныны ойлап табу арқылы айнаны көпшілікке ұсынады.

- Айна жайлы бірнеше мифологиялар тараған. Аңыздардың айтуынша, айна – адам жанының, рухының бейнесін көрсете алатын құрал. Сиқыршылар айна арқылы небір қасиеттерге ие болған алады.

- Сынған айнаға қарауға болмайды, басыңнан бағын кетеді,-деген сенім қалыптасқан. 

- Айна энергия жұтатын қасиетке ие. Физикалық тұрғыдан алып қарағанда да, шыны арқылы энергия өндіруге болатыны дәлелденген.

- Әйнек жағымды да, жағымсыз да энергияны жинай алады. Ал фотоаппараттың жарқылы (вспышка) айнадағы энергияны өз бойына тартып алуы мүмкін. Кейін бұл энергиялардың толқыны сізге және сізді қоршаған ортаға тарап кетуі ықтимал.

- Адам айнадан өз рухын көре алады. Демек, айнадағы суретке сіздің тәніңіз емес, жаныңыз түседі. Фотоаппарат та айналық (зеркальный) құрылғы болып табылады. Рухтың суретін қайта айнаға түсіру арқылы оны шошытып алуыңыз мүмкін.

- Үйден шығып кетіп, бір нәрсені ұмыт қалдырғаныңыз есіңізге түсіп, үйге қайтып келген соң айнаға қарауды ұмытпаңыз. Әйтпесе, сәтсіздік қыр соңыңыздан қалмай қоюы мүмкін. Бұл ырымды естіген бе едіңіз?

- Ал қайтыс болған кісінің үйінде барлық айнаның бетін жауып қояды. Бұл өлген адамның рухы айнаға кіріп кетпеуі үшін жасалады.

- Айнаға қарап ұйықтауға болмайды. Бұл адамның тез қартаюына әкеп соғады. Шағылған айнаға қараған адам сұлулығынан айырылады дегенді де жиі естиміз.

- Бір жасқа дейінгі балалардан айнаны аулақ ұстаған жөн. Бұл баланың дамуын тежеуі мүмкін және айнаға қараған бала қорқақ, жасық болып қалады дейді білетіндер.

- Кейбір халықтарда айнаға қарап отырып тамақтанған адам өз бақытын жейді деген наным бар.

- Әжелеріміз бала кезімізде: - Айнаға көп қарама, перісі болады,- деп ескертіп отыратын. Расымен, айна да пері бар ма екен? Бұл сұрақтың жауабын келесі мақаламызға қалдырдық. 

Мұрныңыздың қышығаны неден белгі береді?
Қағазды 103 рет бүктесеңіз...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу