Дос болуға тұрмайтын 5 адам

Oinet.kz 03-09-2020 1437

Әбу Жағфар Мұхаммед бин Әли Бақир былай дейді:  

"Әкем маған:  — Балам! Бес кісімен ешуақытта жолдас болма, олармен әңгімелеспе және жолда серік болма! — деді. 

IyrcJTzIxHCRsmLo-lg.jpg  

— Құрбаның болайын әке, ол бесеуі кім? — деп едім, әкем:  

 — Пасықпен жолдас болма, ол бір асқа бола немесе одан да төменіне сені сатып жібереді, - деді.   

— Әке! Одан да төмені не? 

 — Дәметіп, қолы жетпеген нәрсе.  

— Әке! Екінші адам кім?  

— Сараңмен жолдас болма. Өйткені, ол саған ең керек кезде мал-дүниесін бермейді.  

 — Әке! Үшіншісі кім?  

— Өтірікшіні жолдас етпе, ол сағым сияқты жақынды сенен алыстатып, алысты саған жақын етіп көрсетеді.   

— Әке, төртіншісі кім?  

— Ақымақпен жолдас болма. Өйткені, ол саған пайда беремін деп зиян тигізеді.   

— Әке, бесіншісі кім? —  дегенімде:  

— Туысқанымен ара-қатынасын үзгенмен жолдас болма, өйткені ондай адамның Құранда үш орында лағынеттелгенін көрдім, — деп әкем өсиет еткен еді.  

P.S. Дос — араб тілінде «садық», яғни, шыншыл деген сөзден туындайды. Демек дос  – әр жағдайда сізбен шыншыл, қарым-қатынастағы бауырыңыз.    

Дереккөз: Islam.kz 

Үй шаруасынан шаршаған әйел оқысын!
Сауабы қажылыққа тең 5 амал
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу