Үй шаруасынан шаршаған әйел оқысын!

Oinet.kz 04-09-2020 1032

Әли (р.а.) мына оқиғаны баяндаған:

Үй шаруасындағы әйелдер: бұл көрінбейтін әйелдердің беті

«Фатима (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ең сүйікті қызы болатын. Үнемі қолдиірменнен бидай өткізгеннен қолы күстеніп, иінағашпен су тасығаннан иығы жарақаттанатын, үй сыпырғаннан киімі шаң болатын.

Бірде Алла елшісіне (с.ғ.с.) құлдар жіберілді. Мен Фатимаға (р.а.):

  • Әкеңе барып үй шаруасына көмектесуге бір құл беруін өтінсең қайтеді? – дедім.

Ол Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) барғанда оның кісілермен сөйлесіп тұрғанын көріп кері қайтады. Келесі күні Алла елшісінің (с.ғ.с.) өзі үйге келіп:

  • Қызым, бірнәрседен тарығып жүрсің бе?- деп сұрады. Фатима (р.а.) үндемеді. Мен сөзге араластым:

  • Уа, Алланың елшісі (с.ғ.с.)! Мен сізге барлығын да айтып берейін дедім:

  • Сізге құлдар келгенін білген соң оған сізден үй шаруасын атқару үшін сұрауға кеңес бердім. Осылайша ол қиыншылықтардан құтылар еді.

Осыдан соң Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Фатимаға (р.а.):

  • Уа, Фатима! Алладан қорық, Оның бұйрықтарын міндетті түрде орында, үй шаруасын адал атқар. Ұйқыға жатар алдында 33 рет «субханаллаһ», 33 рет «әлхамдулиллаһ», 34 рет «Аллаһу Әкбар» деп айт. Осылайша (Аллаға) мадақтың саны жүзге жетеді. Бұл сен үшін құлдан әлдеқайда артық, – деді.

Осы әңгімеден соң Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) көмекке ешкімді жібермеді» (Әбу Дәут, хараж, 19-20).

Барлық аурудан – бір дұға
Дос болуға тұрмайтын 5 адам
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу