Зекет күтіп тұрған жамандық пен бәле-жаланың алдын алады!

Oinet.kz 24-02-2020 676

image.png

Алла Тағала Өзінің шексіз жомарттығы, байлығымен адамдарды үнемі ризықтандырып отырады. Оның қазынасы ешқашан таусылмайды және кімге қанша көлемде байлық беретіндігін Алла ғана белгілейді, ниетіне, еңбегіне қарай үлестіреді. Ештеңеге мұқтаж болмаған Алла Тағала сол құлдарына «Менің берген ризығымның бір бөлігін мұқтаждарға беріңдер» деп бұйрық берген. Яғни, мұндағы даналық – адамдар арасында тепе-теңдік ұстау, бір-бірімен ұйымдаса өмір сүру. Егер байлар өздерінің байлығынан тұрақты түрде белгілі бір мөлшерде кедейлерге беріп тұрса, аштықтан, жоқтықтан қиналып жүрген бірде-бір адам қалмас еді. Мәселен, адамның қойы 40 қойдан асса, 1 қойды мұқтаж адамға береді. Ақшасы, алтын-күмісі 1,5 миллионнан асып, оны бір жыл бойы бұзбастан сақтайтын болса, 2,5%-ын кедейлерге береді. Міне, осы ғибадатты – "зекет" деп атайды.

Зекет туралы тағы толық ақпарат алу үшін, тағы қандай заттардан, қанша көлемде, қай уақытта шығару керектігі жайлы дін мамандарынан жеке сұрап, есептеп алған жөн.

Зекетті кез келген жағдайы жақсы адам емес, Ислам діні белгілеген мөлшерге жеткен қаражаты бар адам ғана береді. Зекет берушінің ризығы еш азаймайды, керісінше, онан сайын берекесі артады. Зекет алда күтіп тұрған жамандықтар мен бәле-жаланың алдын алады. Сондай- ақ, зекет берушіге Алла Тағала разы болып, оған көл- көсір сауап жазады.

Тектілік қалай қалыптасады?
"Мұхаммәдур расулуллаһ" сөзінің мағынасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу